23:15 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1295 0 0

Салафиттер әр көлік жүргізушісінен ай сайын 5-25 мың теңге аралығында алым-салық алып отырған

АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Атырау облысында ақша бопсалап алумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.  

"Осы жылдың 31 қаңтарында ҚР ҰҚК Атырау облысындағы департаменті жүргізген шаралардың нәтижесінде Атырау қаласында 2 жыл бойы Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Атырау-Бейнеу қалааралық  және халықаралық  бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын тұлғалардың ақшасын қорқытып алумен тұрақты түрде айналысқан адамдар тобы құрықталды. Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөлік жүріп-тұрған. Ай сайын әр көлік жүргізушісінен алым-салықтың көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін құраған", — деп жазылған хабарламада. 

Ұсталған тұлғалар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес салафиттік ағымды ұстанғандары белгілі болды.

"ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2 және 3 тармақтарына сәйкес, аталған қылмыс сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне да тіркелді. Топтың алты белсенді мүшесіне күзетпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды", — деп түйіндеді ҰҚК баспасөз қызметі. 


Кілт сөздер:
ұлттық қауіпсіздік комитеті, қылмыстық топ, ақша бопсалау, салафиттер, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып