Оқиға

Ақтөбеде теріс діни ағым жетегінде жүргендер қамауға алынды

© Photoқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде ауыр қылмыстар үшін жат діннің жетегінде жүргендер жиі ұсталып жүр

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде қарақшылық шабуыл жасап, зорлады деген күдік бойынша экстремизм жетегінде жүрген екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Нұргүл Қонақбаева. 

Бұдан бұрын полиция екі адамды құлдықта ұстаған экстремисті қамауға алған болатын. 

Ішкі істер департаментінде хабарлағандай, 1980 және 1982 жылы туған екі ер адам ұсталды.

Тергеу болжауы бойынша, олар 11 сәуірде бетперде киіп, пышақпен қаруланып алып, пәтерге басып кірген, онда 21 және 25 жасар екі қыз болған. Олар құны 300 мың теңгеге бағаланатын заттарды алып кеткен. Кейін 26 және 21 жастағы қыздарды зорлаған. 

"Қылмыскерлер анықталып, ізін суытпай ұсталды. Жиналған дәлелдер жиынтығы бойынша оларға айып тағылып, қамауға алынды. Олар жасаған қылмыстары үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін", — деді Қонақбаева. 


Жаңалықтар
0