01:07 22 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.71
  • EUR495.53
  • RUB5.99
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Жоспарланған екі жылдық құрылысқа барлығы 3 миллиард теңгедей сома қажет

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Шахан ауылындағы қазандықты салуға 1,2 миллиард теңге көлемінде алғашқы транш бөлінді.

"Қазандықты салуға алғашқы траншты бөлу басталды – республикалық бюджеттен 1 миллиард 200 миллион теңге. Барлығы 3 миллиард теңгедей қажет. Құрылыс биыл басталып, екі жылға жоспарланып отыр. Қуанышымызда шек жоқ. Ортақ қазандыққа ауылдың 100-ден астам көп қабатты үйлері мен әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандары қосылады", — деп хабарлады Шахан ауылындағы зардап шеккендерге көмек қорының төрайымы Жамала Мамерханова.

Шахандағы жергілікті жылыту станциясы құрылысы биыл қаңтар айынан бастап қызу талқыланып келеді, мұндағы көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан жылыту қазандығы жарылып, тоғыз адам құрбан болған еді.

Загрузка...

Басты тақырып