Өңірлер

Шахандағы зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасына 9 млн теңге көмек берілді

© Photo : Сергей ПерхальскийШахандағы қайғылы оқиға
Шахандағы қайғылы оқиға - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әбдібеков Шағандағы оқиғадан зардап шеккендерге көретіліпжатқан көмек туралы баяндады

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Тоғыз миллион теңге көлеміндегі жеке материалдық көмек қаза болғандардың отбасы мен зардап шеккен екі адамға берілді деп хабарлады Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Әдібеков.

Шахандағы қираған үй - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қасымов: Шахандағы жарылыс жарық сөнгеннен кейін болған

"Арнайы ұйым бұл үйдің үш подъезді қолдануға жарамды деген қорытынды шығарды", — деді Әбдібеков сейсенбі күні үкімет отырысында.

Үйінділерді тазарту жұмыстары аяқталды. Қазір қираған төртінші подьездің конструкциясы жөнделіп жатыр.

"Бұл подьездегі 13 пәтердің ішінде төрт пәтер иесіне баспана беріледі. Қалғандары жөндеу жұмыстары аяқталған соң, өз үйлеріне оралады", — деді Әбдібеков.

Бұл ТЖ-дан зардап шеккендерге көмек беру үшін құрылған жеке қайырымдылық қорының қаражаты тұрғындарға материалдық жәрдем ретінде жұмсалуда.

"Қазіргі уақытта материалдық жәрдем ретінде қаза тапқандардың отбасы мен екі зардап шеккен азаматқа 9 миллион теңге берілді", — деді өңір басшысы.  

Жаңалықтар
0