20:18 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Саясат
Қысқа сілтеме алу
60 0 0

2022 жылы 5 қаңтарда ел үкіметі отставкаға кеткенге дейін Марат Бекетаев әділет министрлігін басқарды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің өкімімен Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.

Президенттің жарлығымен бесінші қаңтарда үкімет отставкаға кеткенге дейін Марат Бекетаев әділет министрі болды.

Бұған дейін бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев президенттің кеңесшісі болып тағайындалған еді.

Үкіметтің жаңа құрамы

11 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа басшысын тағайындады. Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов келді. Ол үкімет отставкаға кеткенге дейін экс-премьер Асқар Маминнің бірінші орынбасары болған еді.

Оқи отырыңыз: "Әлі ешбір үкіметтің алдында болып көрмеген": жаңа премьер-министр әріптестеріне не айтты

Артынша мемлекет басшысы үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Министрлердің көбі өз орнында қалды. Бірқатар ведомствоға жаңа басшы тағайындалды.

Әсет Ерғалиевтің орнына ұлттық экономика министрлігіне Әлібек Қуантыров келсе, энергетика министрлігін басқарған Мағзұм Мырзағалиевті Болат Ақшолақов алмастырды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі болған Аида Балаеваның орнына Асқар Омаров тағайындалды. Сондай-ақ Қанат Мусин әділет министрі, Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болды. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Бейбіт Атамқұловтың орнына Қайырбек Өскенбаев келді.

Кілт сөздер:
Марат Бекетаев, министр, жаңа қызмет
Загрузка...

Басты тақырып