https://sputnik.kz/20220114/Eks-ministr-Marat-Beketaev-19142773.html
Экс-министр Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Экс-министр Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Sputnik Қазақстан
2022 жылы 5 қаңтарда ел үкіметі отставкаға кеткенге дейін Марат Бекетаев әділет министрлігін басқарды 14.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-14T11:19+0500
2022-01-14T11:19+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
марат бекетаев
министр
жаңа қызмет
кадрлық ауыс-түйіс
https://sputnik.kz/img/580/49/5804977_0:0:2016:1134_1920x0_80_0_0_317d5b5bff0c380cf948b559983e5c43.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің өкімімен Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.Президенттің жарлығымен бесінші қаңтарда үкімет отставкаға кеткенге дейін Марат Бекетаев әділет министрі болды.Бұған дейін бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев президенттің кеңесшісі болып тағайындалған еді.Үкіметтің жаңа құрамы11 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа басшысын тағайындады. Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов келді. Ол үкімет отставкаға кеткенге дейін экс-премьер Асқар Маминнің бірінші орынбасары болған еді.Оқи отырыңыз: "Әлі ешбір үкіметтің алдында болып көрмеген": жаңа премьер-министр әріптестеріне не айттыАртынша мемлекет басшысы үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Министрлердің көбі өз орнында қалды. Бірқатар ведомствоға жаңа басшы тағайындалды.Әсет Ерғалиевтің орнына ұлттық экономика министрлігіне Әлібек Қуантыров келсе, энергетика министрлігін басқарған Мағзұм Мырзағалиевті Болат Ақшолақов алмастырды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі болған Аида Балаеваның орнына Асқар Омаров тағайындалды. Сондай-ақ Қанат Мусин әділет министрі, Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болды. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Бейбіт Атамқұловтың орнына Қайырбек Өскенбаев келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/580/49/5804977_140:0:2016:1407_1920x0_80_0_0_47dc7f416d1417fe5524b4262ba29c61.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
марат бекетаев, министр, жаңа қызмет
марат бекетаев, министр, жаңа қызмет
Экс-министр Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
11:19 14.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) 2022 жылы 5 қаңтарда ел үкіметі отставкаға кеткенге дейін Марат Бекетаев әділет министрлігін басқарды
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің өкімімен Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы үкімет басшысының
баспасөз қызметі хабарлайды.
Президенттің жарлығымен бесінші қаңтарда үкімет отставкаға кеткенге дейін Марат Бекетаев әділет министрі болды.
Бұған дейін бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев президенттің кеңесшісі болып тағайындалған еді.
11 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа басшысын тағайындады. Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов келді. Ол үкімет отставкаға кеткенге дейін экс-премьер Асқар Маминнің бірінші орынбасары болған еді.
Артынша мемлекет басшысы үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Министрлердің көбі өз орнында қалды. Бірқатар ведомствоға жаңа басшы тағайындалды.
Әсет Ерғалиевтің орнына ұлттық экономика министрлігіне Әлібек Қуантыров келсе, энергетика министрлігін басқарған Мағзұм Мырзағалиевті Болат Ақшолақов алмастырды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі болған Аида Балаеваның орнына Асқар Омаров тағайындалды. Сондай-ақ Қанат Мусин әділет министрі, Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болды. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Бейбіт Атамқұловтың орнына Қайырбек Өскенбаев келді.