Саясат

Президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады

© Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуФлаги стран-участниц ОДКБ
Флаги стран-участниц ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Ол сонымен қатар Қазақстан халқы бұл шешімді қолдайтынына сенімді екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.
Жиында еліміздің тұрақтылығын шайқалтпақ болған террористік және қылмыстық әрекеттермен күрес мәселелері талқыланды. 
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы атанған Тоқаев қалыптасқан жағдайдың қиындығын атап өтіп, бірқатар жедел шара қабылдау қажет екенін айтты. 
"Осыған байланысты Қауіпсіздік алқасы жөніндегі Шартқа сүйене отырып, мен ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына осы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұрадым. Шын мәнінде, бұл – қауіп қана еме, бұл – мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру, азаматтарымызға шабуыл жасау. Олар менен, мемлекет басшысы ретінде тез арада өздерін қорғауды сұрайды. Азаматтарымыздың игілігін, қауіпсіздігі мен тыныштығын ойлау – менің Конституциялық міндетім. Сондықтан ҰҚШҰ-дағы әріптестеріме білдірілген өтініш – уақытылы әрі толығымен дұрыс қабылданған шешім", - деді президент.
Ол сонымен қатар Қазақстан халқы бұл шешімді қолдайтынына сенімді екенін атап өтті.
"Жұмылсақ, сөзсіз, жеңеміз. Террористік топтар ірі инфрақұрылымдық объектілерге шабуыл жасауда. Атап айтқанда, Алматы әуежайы, бес ұшақ, оның ішінде шетелдік те ұшақтар басып алынды. Өкінішке қарай, Алматы қаласына шабуыл жасалып, қиратуға және вандализмге жол берілді. Қала тұрғындары террористер мен қарақшылар шабуылының құрбанына айналды. Сондықтан біздің, оның ішінде осында қатысып отырған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің міндеті – елімізді сыртқы қауіптен қорғау үшін барлық қажетті әрі мүмкін болған шараларды қабылдау", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы өз сөзінде террористердің агрессиясына ұшыраған ел азаматтарына үндеу жасады.
Жаңалықтар
0