https://sputnik.kz/20220106/Prezident-komek-surady-19062641.html
Президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады
Президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады
Sputnik Қазақстан
Ол сонымен қатар Қазақстан халқы бұл шешімді қолдайтынына сенімді екенін атап өтті 06.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-06T01:06+0500
2022-01-06T01:06+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
ұқшұ
терроризмге қарсы арнайы операция
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18143832_0:141:3139:1907_1920x0_80_0_0_cdfe734eb96a09badbe382b786d2bbe9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.Жиында еліміздің тұрақтылығын шайқалтпақ болған террористік және қылмыстық әрекеттермен күрес мәселелері талқыланды. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы атанған Тоқаев қалыптасқан жағдайдың қиындығын атап өтіп, бірқатар жедел шара қабылдау қажет екенін айтты. "Осыған байланысты Қауіпсіздік алқасы жөніндегі Шартқа сүйене отырып, мен ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына осы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұрадым. Шын мәнінде, бұл – қауіп қана еме, бұл – мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру, азаматтарымызға шабуыл жасау. Олар менен, мемлекет басшысы ретінде тез арада өздерін қорғауды сұрайды. Азаматтарымыздың игілігін, қауіпсіздігі мен тыныштығын ойлау – менің Конституциялық міндетім. Сондықтан ҰҚШҰ-дағы әріптестеріме білдірілген өтініш – уақытылы әрі толығымен дұрыс қабылданған шешім", - деді президент.Ол сонымен қатар Қазақстан халқы бұл шешімді қолдайтынына сенімді екенін атап өтті."Жұмылсақ, сөзсіз, жеңеміз. Террористік топтар ірі инфрақұрылымдық объектілерге шабуыл жасауда. Атап айтқанда, Алматы әуежайы, бес ұшақ, оның ішінде шетелдік те ұшақтар басып алынды. Өкінішке қарай, Алматы қаласына шабуыл жасалып, қиратуға және вандализмге жол берілді. Қала тұрғындары террористер мен қарақшылар шабуылының құрбанына айналды. Сондықтан біздің, оның ішінде осында қатысып отырған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің міндеті – елімізді сыртқы қауіптен қорғау үшін барлық қажетті әрі мүмкін болған шараларды қабылдау", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы өз сөзінде террористердің агрессиясына ұшыраған ел азаматтарына үндеу жасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18143832_205:0:2934:2047_1920x0_80_0_0_1771616b75b85a91d9a63c11fb24cdd6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ұқшұ, терроризмге қарсы арнайы операция
қасым-жомарт тоқаев, ұқшұ, терроризмге қарсы арнайы операция
Президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады
01:06 06.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ол сонымен қатар Қазақстан халқы бұл шешімді қолдайтынына сенімді екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.
Жиында еліміздің тұрақтылығын шайқалтпақ болған террористік және қылмыстық әрекеттермен күрес мәселелері талқыланды.
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы атанған Тоқаев қалыптасқан жағдайдың қиындығын атап өтіп, бірқатар жедел шара қабылдау қажет екенін айтты.
"Осыған байланысты Қауіпсіздік алқасы жөніндегі Шартқа сүйене отырып, мен ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына осы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұрадым. Шын мәнінде, бұл – қауіп қана еме, бұл – мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру, азаматтарымызға шабуыл жасау. Олар менен, мемлекет басшысы ретінде тез арада өздерін қорғауды сұрайды. Азаматтарымыздың игілігін, қауіпсіздігі мен тыныштығын ойлау – менің Конституциялық міндетім. Сондықтан ҰҚШҰ-дағы әріптестеріме білдірілген өтініш – уақытылы әрі толығымен дұрыс қабылданған шешім", - деді президент.
Ол сонымен қатар Қазақстан халқы бұл шешімді қолдайтынына сенімді екенін атап өтті.
"Жұмылсақ, сөзсіз, жеңеміз. Террористік топтар ірі инфрақұрылымдық объектілерге шабуыл жасауда. Атап айтқанда, Алматы әуежайы, бес ұшақ, оның ішінде шетелдік те ұшақтар басып алынды. Өкінішке қарай, Алматы қаласына шабуыл жасалып, қиратуға және вандализмге жол берілді. Қала тұрғындары террористер мен қарақшылар шабуылының құрбанына айналды. Сондықтан біздің, оның ішінде осында қатысып отырған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің міндеті – елімізді сыртқы қауіптен қорғау үшін барлық қажетті әрі мүмкін болған шараларды қабылдау", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы өз сөзінде террористердің агрессиясына ұшыраған ел азаматтарына үндеу жасады.