https://sputnik.kz/20220105/Toqaev-kenes-bastaldy-video-19051737.html
"Маған арыз жазды": Тоқаевтың қатысуымен арнайы кеңес басталды – видео
"Маған арыз жазды": Тоқаевтың қатысуымен арнайы кеңес басталды – видео
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Асқар Маминнің отставкаға кету туралы өтінішін қабыл алғанын айтты 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T08:24+0500
2022-01-05T08:24+0500
2022-02-02T09:48+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
видео
https://sputnik.kz/img/962/04/9620405_0:142:1620:1053_1920x0_80_0_0_53398869b20545aab9d1b9c8a38ad885.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Ақордада мемлекет басшысының төрағалымен шұғыл кеңес басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы премьер-министрдің міндетін Әлихан Смайыловтың атқаратынын еске салды. Ол Асқар Маминнің орынбасары болған."Тәжірибелі экономист, білікті басшы Әлихан Асқанұлы Смайылов атқарады", - деп атап өтті президент.Qazaqstan мемлекеттік телеарнасы президенттің төрағалығымен өткен кеңестен видео жариялады. Айта кетері, 2 қаңтарда сұйытылған газ бағасы күрт көтерілгеннен кейін Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты. Халық 120 теңгеге қымбаттаған газды 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Энергетика министрлігі бір тәуліктен кейін ғана арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.Ал мемлекет басшысы 3 қаңтарға қараған түні Twitter арқылы үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырды. Ертесінде құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауға барды. Газдың бағасын 50 теңгеге дейін төмендетуге шешім қабылданды."Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады", - деді Тоқаев.Маңғыстаудағы наразылықтардан кейін Алматы тұрғындарды көшеге шықты. Түнде тәртіпсіздіктер басталды.Президенттің жарлығымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/962/04/9620405_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_c56b204692bf998f420f908a506c1a7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
қасым-жомарт тоқаев, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
"Маған арыз жазды": Тоқаевтың қатысуымен арнайы кеңес басталды – видео
08:24 05.01.2022 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Мемлекет басшысы Асқар Маминнің отставкаға кету туралы өтінішін қабыл алғанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Ақордада мемлекет басшысының төрағалымен шұғыл кеңес басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
"Асқар Ұзақбайұлы Мамин маған арыз жазып, отставкаға өтініш білдірді, мен бұл өтінішті қабыл алдым. Асқар Ұзақбайұлы үш жылдай үкіметімізді абыроймен басқарды. Қызмет барысында, әсіресе, пандемия өршіп тұрған кезде өзінің жоғары жауапкершілігін, еңбекқорлығын көрсетті. Сондықтан мен бұрынғы премьер-министрге алғысымды айтқым келеді", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы премьер-министрдің міндетін Әлихан Смайыловтың атқаратынын еске салды. Ол Асқар Маминнің орынбасары болған.
"Тәжірибелі экономист, білікті басшы Әлихан Асқанұлы Смайылов атқарады", - деп атап өтті президент.
Qazaqstan мемлекеттік телеарнасы президенттің төрағалығымен өткен кеңестен
видео жариялады.
Айта кетері, 2 қаңтарда сұйытылған газ бағасы күрт көтерілгеннен кейін Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты. Халық 120 теңгеге қымбаттаған газды 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Энергетика министрлігі бір тәуліктен кейін ғана арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Ал мемлекет басшысы 3 қаңтарға қараған түні Twitter арқылы үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырды. Ертесінде құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауға барды. Газдың бағасын 50 теңгеге дейін төмендетуге шешім қабылданды.
"Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады", - деді Тоқаев.
Маңғыстаудағы наразылықтардан кейін Алматы тұрғындарды көшеге шықты. Түнде тәртіпсіздіктер басталды.
Президенттің жарлығымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында
төтенше жағдай енгізілді.