Саясат

"Маған арыз жазды": Тоқаевтың қатысуымен арнайы кеңес басталды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана "Акорда" (слева) и здание правительства РК (справа)
Резиденция президента Казахстана Акорда (слева) и здание правительства РК (справа) - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2022
Жазылу
Мемлекет басшысы Асқар Маминнің отставкаға кету туралы өтінішін қабыл алғанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Ақордада мемлекет басшысының төрағалымен шұғыл кеңес басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
"Асқар Ұзақбайұлы Мамин маған арыз жазып, отставкаға өтініш білдірді, мен бұл өтінішті қабыл алдым. Асқар Ұзақбайұлы үш жылдай үкіметімізді абыроймен басқарды. Қызмет барысында, әсіресе, пандемия өршіп тұрған кезде өзінің жоғары жауапкершілігін, еңбекқорлығын көрсетті. Сондықтан мен бұрынғы премьер-министрге алғысымды айтқым келеді", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы премьер-министрдің міндетін Әлихан Смайыловтың атқаратынын еске салды. Ол Асқар Маминнің орынбасары болған.
"Тәжірибелі экономист, білікті басшы Әлихан Асқанұлы Смайылов атқарады", - деп атап өтті президент.
Qazaqstan мемлекеттік телеарнасы президенттің төрағалығымен өткен кеңестен видео жариялады. 
Айта кетері, 2 қаңтарда сұйытылған газ бағасы күрт көтерілгеннен кейін Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты. Халық 120 теңгеге қымбаттаған газды 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Энергетика министрлігі бір тәуліктен кейін ғана арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Ал мемлекет басшысы 3 қаңтарға қараған түні Twitter арқылы үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырды. Ертесінде құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауға барды. Газдың бағасын 50 теңгеге дейін төмендетуге шешім қабылданды.
"Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады", - деді Тоқаев.
Маңғыстаудағы наразылықтардан кейін Алматы тұрғындарды көшеге шықты. Түнде тәртіпсіздіктер басталды.
Президенттің жарлығымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.
Жаңалықтар
0