Саясат

Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Тоқаевқа береді

© Sputnik / Владислав ВодневЕлбасы Нурсултан Назарбаев и президент РК Касым-Жомарт Токаев на форуме партии "Nur Otan"
Елбасы Нурсултан Назарбаев и президент РК Касым-Жомарт Токаев на форуме партии Nur Otan  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Жазылу
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясына төрағалық етеді. Партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осындай шешім қабылданды. 

"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев партияны ел президенті басқару қажеттігін айтып, Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін тапсыруға шешім қабылдады", - деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Оның айтуынша, партия басшысының өкілеттігін тапсыру жұмысы партия жарғысы бойынша атқарылады. Партия жарғысына сәйкес, төрағаны сайлау және қызметінен босату мәселесі съезде қаралады.

Nur Otan- Қазақстанның жетекші саяси партиясы. 1999 жылы құрылған ұйымды ұзақ жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.

2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті республикалық телеарналар арқылы халыққа үндеу жолдап, өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді. Сол кезде Назарбаев жоғары мемлекеттік лауазымнан кетсе де, Қауіпсіздік кеңесі мен Nur Otan партиясының төрағасы болып қалатынын айтты. Конституциялық кеңестің мүшесі бола береді. Сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясын басқарады.

Биыл 28 сәуірде Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді. Оның орнына Тоқаев тағайындалды.

Еске сала кетсек, 2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстанда парламент сайлауы өтті. Оның қорытындысы бойынша мәжіліске үш партия өтті:

• Nur Otan (71,09%);

• "Ак жол" (10,95%)

• Қазақстан халық партиясы (9,1%);

Бұдан бөлек, Қазақстан халық ассамблеясынан 9 депутат төменгі палатаға өтті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0