Саясат

"Сіз отырыста жақсы сөйледіңіз": Назарбаев Түркияның экс-президентімен кездесті

Нурсултан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Абдулла Гүл Елбасының "Үлкен Еуразия" құрлығында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен кездесті, деп хабарлады Elbasy.kz.

Кездесуде Елбасы Гүлге "Астана клубының" жұмысына белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

"Сіз отырыста жақсы сөйледіңіз. Мен сіздің идеяларыңызды қолдаймын. Кезінде біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, экономикалық интеграцияны дамыту жолында көп жұмыс атқардық. Бұл іс қазір де жалғасып жатыр", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

 Гүл "Астана клубы" отырысының аясында жаһандық күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың "Үлкен Еуразия" құрлығында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0