НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Атамқұлов Қазақстан президенті протоколының бастығы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Ғабит Сыздықбековті Қазақстанның Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен алды.
Ал Алмат Байшолақов Қазақстан президенті әкімшілігінің қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.