Саясат

Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Президент протоколының бастығы, Сербиядағы төтенше және өкілетті елші, президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі ауысатын болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Саясат
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
"Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Атамқұлов Қазақстан президенті протоколының бастығы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Ғабит Сыздықбековті Қазақстанның Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен алды.

Ал Алмат Байшолақов Қазақстан президенті әкімшілігінің қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Жаңалықтар
0