Саясат

Назарбаев қорғаныс министрін қабылдады

© Photo : Елбасының ресми сайтыНазарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Қарулы күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңес хатшысы Әсет Исекешев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлады Elbasy.kz.

Нурсултан Назарбаев в Туркестане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Өңірлер
Түркістан бұрын-соңды осылайша жаңғырмаған – Назарбаев
Кездесуде биыл 19 мамырда өтетін Қауіпсіздік кеңесі отырысының күн тәртібі және жиында қарастыру жоспарланған құжаттар талқыланды.

"Аппарат Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына материалдарды дайындады. Отырыста екі мәселе қаралады. Біріншісі – Қарулы күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы туралы, екіншісі –  шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде. Бірінші мәселе бойынша қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, негізгі басым бағыттар мен іске асыру кезеңдері анықталды. Сондай-ақ үкіметпен бірге қаржыландыру және тұжырымдаманы іске асыруға қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындардың қатысуы мәселелері қаралды", – деді Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев.

Ал қорғаныс министрі жаңа тұжырымдама жобасында көрініс тапқан  армияны құрудың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат ұсынды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0