Өңірлер

Түркістан бұрын-соңды осылайша жаңғырмаған – Назарбаев

© Photo : официальный сайт ЕлбасыНурсултан Назарбаев в Туркестане
Нурсултан Назарбаев в Туркестане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Назарбаев қаланы теңдесі жоқ жер деп атай отырып, сәулетшілер қаланың ерекше стилін дөп басқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда салынған бірқатар жаңа нысандарды аралады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Ол сәулетшілер қаланың ерекше стилін дөп басқанын атап өтті.

"Тәуелсіздік жылдары біз тағы бір маңызды нысанды салдық. Бұл Түркістан қаласы. Оның ұзақ тарихында Түркістан ешқашан мұндай жаңғыруды көрген емес. Мүлдем жаңа, қайталанбас қала. Барлық архитектура түркі және қазіргі заманға негізделген. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар барлық адамдар үшін ерекше орын болады. Бір ғана "Керуен сарайдың" өзі неге тұрады?!. Басқа да саябақтар мен нысандардың бәрі құнды", – деді Елбасы.

Назарбаевтың айтуынша, қала тұрғындары үшін мұндай өзгеріс нағыз сыйлық болып табылады.

"Мен барша түркістандықтарды, оңтүстікқазақстандықтарды мемлекеттің сіздерге жасаған керемет сыйымен құттықтаймын. Ал енді мемлекетке сіздің сыйлығыңыз – бұл бірлік, ынтымақ және Отанымыз үшін еңбек ету. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін", – деді Назарбаев.

Назарбаев Түркістанға сапары кезінде робототехнология зертханасының қызметімен танысты. Сонымен қатар кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар аймағын аралады.

© Photo : Официальный сайт ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы "Farab Library" кітапханасына барды
Түркістан бұрын-соңды осылайша жаңғырмаған – Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы "Farab Library" кітапханасына барды

Қазақстанның тұңғыш президенті "Алтын самұрық" ұшатын театрында болып, "Қыз қуу" атты театрландырылған қойылымды тамашалады. Сондай-ақ Елбасыға театрландырылған судағы шоу көрсетілді.

© Photo : Официальный сайт ЕлбасыТүркістан қаласындағы "Керуен-Сарай" кешені
Түркістан бұрын-соңды осылайша жаңғырмаған – Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Түркістан қаласындағы "Керуен-Сарай" кешені

Сапар соңында музыкалық-драма театрдың ашылу салтанатына қатысты.

Түркістан – қала тарихы

Түркістан – Қазақстанның оңтүстігіндегі қала. 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Түркістан облысының әкімшілік орталығы.

Облыста 1 663 тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Оның қатарында – ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы мәртебесін алған халықаралық маңызы бар Яссауи кесенесін айрықша атап өту керек.

Оқи отырыңыз: Назарбаев жұртты таңғалдырып жатқан қаланы аралап көруге кеңес берді

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар – 31 нысан, жергілікті деңгейдегі – 421 нысан және 1 210 нысан тарихи-мәдени мұралар тізіміне енген.

Жаңалықтар
0