08:00 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Саясат
Қысқа сілтеме алу
35 0 0

Қазақстанда бас бостандығынан айырылған 970 шетелдік жазасын өтеп жатыр. Ал шет елдерде 922 қазақстандық түрмеде отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Парламент сенаты Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты  ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асыловтың айтуынша, шарттың басты мақсаты – басқа елдерде сотталған қазақстандықтарға жазасын өз елінде өтеуге мүмкіндік беру.

Шартқа сәйкес сотталған адамдарды беру үшін:

  • ол адам екі елдің бірінің азаматы болуға тиіс;
  • екі елде де қылмыс саналатын әрекет үшін сотталған болуы қажет;
  • сұрау алынған кезде үкім заңды күшіне енген болуы тиіс және кемінде 6 ай өтейтін уақыты қалуы тиіс;
  • сотталған адамның жазбаша келісімі керек;
  • екі ел де адамды беруге келісуі қажет.

"Сотталған адам мынадай жағдайларда берілмейді: егер қылмыскерді беру ел егемендігіне нұқсан келтіретін болса; ұлттық заңнамаға қайшы келсе; адам мемлекеттік қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыс үшін сотталса; сотталған адам талап қою рәсімдеріне тартылған болса. Мысалы, оның қылмысы арқылы келген шығынды қайтару жөнінде сот процесі жүріп жатса", – деді Асылов сенат отырысында.

Оқи отырыңыз: Павлодарда жазасын өтеуші бір жасар қызын алғаш рет видеобайланыс арқылы көрді

Ол қазіргі таңда екі елде де бір-біріне беретін сотталғандар жоқ екенін атап өтті.

Айтуынша, бүгінде Қазақстанда бас бостандығынан айырылған 970 шетелдік жазасын өтеп жатыр. Ал шет елдерде 922 қазақстандық түрмеде отыр.

"Халықаралық шарттар туралы" заңға сәйкес, шарт ратификациялауға жатады. Себебі адам құқықтарына тікелей қатысты", – деді бас прокурордың бірінші орынбасары.

Парламент сенаты шартты бірауыздан ратификациялады.

Тақырып бойынша

Қарағанды облысында сотталғандар бүлік шығарғаны рас па – министрліктің жауабы
"Қара бүркітте" коронавирус: өмір бойына сотталғандар қалай емделеді
70 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотталғандар өмірден озғаннан кейін ақталды
Алматы облысындағы колонияда сотталғандар арасында шыққан жанжал қайғылы аяқталды
Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды
Кілт сөздер:
сотталған азамат, сотталғандар
Загрузка...

Басты тақырып