Өңірлер

Павлодарда жазасын өтеуші бір жасар қызын алғаш рет видеобайланыс арқылы көрді  

© Photo : пресс-служба ДУИС по Павлодарской областиОсужденный впервые увидел годовалую дочь по видеосвязи в Павлодаре
Осужденный впервые увидел годовалую дочь по видеосвязи в Павлодаре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық атқару жүйесі департаменті сотталған ерлі-зайыпты  жазасын әртүрлі колонияда өтеп жатқанын айтты

ПАВЛОДАР, 18 желтоқсан – Sputnik. Павлодар және Алматы облысының колонияларында жазасын өтеп жатқан ерлі-зайыпты видеобайланыс арқылы сөйлесті, ер адам өзінің бір жасар қызын алғаш рет көрді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдуғалиева хабарлады.

Максим мен Елена 2008 жылы Павлодарда танысқан. Араларында сезім пайда болып, отбасын құруға бел буған. Ол кезде Еленаның бірінші некесінен ұлы болған. 2009 жылы отбасында қыз дүниеге келді.  

2018 жылы Максим есірткі қолдана бастайды. Бірнеше айдан кейін оны полиция қызметкерлері ұстаған. Елена мен Максим Қылмыстық кодекстің 297-бабы (есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын сату, жіберу немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: Төреғали Төреәлі түрмеде отырғандарға күтпеген сыйлық жасады 

Тергеу абақтысында Елена жүкті екенін білген. Қазір ол жазасын Алматы облысындағы ЛА-155/4 мекемесінде өтеп жатыр. 2019 жылдың қыркүйегінде 42 жастағы Лена қыз босанды. Айта кетейік, колонияда балаларға қажет нәрсенің бәрі бар. Үш жасқа дейін бала оның жанында болады. Содан кейін нәресте әжесіне беріледі.

Максим қазір 37 жаста. Ол жазасын Павлодар облысының АП-162/4 мекемесінде өтеп жатыр. Еленаның 19 жастағы ұлы Павлодарда тұрады, жұмыс істейді. Екінші қызы Максимнің анасымен бірге тұрады, мектепке барады, кездесуге келіп, әкесімен таксофон арқылы сөйлесіп тұрады.   

Тәуелсіздік күні қарсаңында ерлі-зайыпты Skype арқылы тілдесті, үлкен қызы мен әжесі де қосылды. Отбасы мүшелері қуаныштан көз жасын жасыра алмады.  

Түзету мекемесінің қызметкерлері ерлі-зайыптының екеуіне де жағымды мінездеме беріп отыр. Олар 2029 жылы бостандыққа шығады.  

Жаңалықтар
0