07:12 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2242 0 0

Аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы екінші жартыжылдықта өтеді деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Имашев Тоқаевқа сайлау органдарының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық округтерден тыс ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындығы туралы баяндады. Сайлау  екінші жартыжылдықта өтеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: Ауыл әкімі қандай жағдайда қызметінен босатылуы мүмкін

Айта кетсек, биыл екінші жартыжылдықта 800-ден астам ауыл әкімін халық өзі сайлайды. Қазір ауыл әкімдерін жанама дауыс беру арқылы жергілікті мәслихаттар сайлап жүр.

Бұған дейін ұлттық экономика министрлігі сайлау өткізуге шамамен 17,6 миллиард теңге керек екенін айтты. Оның 4,8 миллиард теңгесі 2021 жылға жоспарланған сайлауға қажет.

Кілт сөздер:
әкімдер, сайлау, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып