Саясат

Ауыл әкімі қандай жағдайда қызметінен босатылуы мүмкін

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Жазылу
Заң жобасына сәйкес ауыл әкімдерінің өкілеттігі оны партия ұсынып, партия мүшелігінен шығып қалса, мәслихат сенімсіздік білдірсе, сот шемімімен немесе өз еркімен тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров халық сайлаған ауыл әкімдері қандай жағдайда қызметінен босатылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент пен ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге қатысты әзірленген заң жобасымен оған ілеспе заң жобасы таныстырылды.

Ілеспе заң жобасы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" және "Саяси партиялар туралы" заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Барлығы 20 түзету қарастырылған.

Әбдіқадыров ауыл әкімдерінің өкілеттігі қандай жағдайда тоқтатылатынын айтты.

"Бірінші, әкімді партия ұсынған жағдайда, ол партия мүшелігінен шығып қалса; екінші, мәслихат сенімсіздік білдірсе, соның ішінде жергілікті қауымдастықтың бастамасы бойынша; үшінші, "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның өзге де негіздемелері бойынша, мысалы, сот шемімімен немесе өз еркімен қызметтен кетуі, азаматтықтан айырылуы және тағы басқа", - деді ол.

Сондай-ақ аудан мәслихатына ауыл әкімінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау өкілеттігін беру көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз: Ауыл әкімінің сайлауына кімдер түсе алады - мәжілісте заң жобасы таныстырылды

Айта кетсек, биыл екінші жартыжылдықта 800-ден астам ауыл әкімін халық өзі сайлайды. Қазір ауыл әкімдерін жанама дауыс беру арқылы жергілікті мәслихаттар сайлайды.

Жаңалықтар
0