Саясат

Ресейдің сыртқы істер министрі екі күндік сапармен Нұр-Сұлтанға келеді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуРесей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
8 сәуірде сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір - Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 7-8 сәуірде Қазақстанға екі күндік сапармен келеді, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.

Қазақстандағы Ресей елшілігінің facebook-тегі ресми парақшасында Лавровтың 8 сәуірде Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланып отырғаны жарияланды.

Кездесу аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері мен интеграциялық бірлестіктердің, ең алдымен ЕАЭО, ҰҚШҰ және ТМД-дағы өзара іс-қимылдың жай-күйін талқылайтын болады.

Сондай-ақ, мемлекетаралық қатынастар аясында коронавирустық инфекция салдарымен бірлесіп күресу бағытында Ресей мен Қазақстан президенті айқындап берген міндеттердің екі министрлік тарапынан тиімді шешілуіне ықпал етуге ерекше назар аударылады.

Оқи отырыңыз: Ресей премьері Маминді мерекемен қазақ тілінде құттықтады – видео

Сонымен қатар, кездесуде еуразиялық интеграцияның келешегі мен Каспий аймағындағы ынтымақтастық процестері де күн тәртібінде қаралады. Әңгімеге Орталық Азиядағы жағдай да арқау болып, іргелес Ауғанстандағы тұрақсыздық пен аймақ шетіндегі радикалды-экстремистік ұйымдар әрекетінен туындайтын қауіпсіздік түйіткілдері талқыланады.

Жаңалықтар
0