13:13 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
364 0 0

Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары Мәскеудегі кездесуде коронавирусқа қарсы вакциналау мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Маминмен кездесуінде әріптесін Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады.

"Наурыз құтты болсын!", – деді Мишустин Маминге суретке түсу рәсімі алдында.

РИА Новости ақпаратынша, қос үкімет басшылары Мәскеуде кездесіп, коронавирусқа қарсы вакциналау мәселесін талқылады.

"Қазір біз халыққа "Спутник V" вакцинасын егіп жатырмыз. Ол шынымен де ең тиімді препараттардың бірі деп санаймыз және оның өндірісін Қарағандыда жалғастырамыз. Екпе індетті жеңуге көмектеседі деп ойлаймыз", -деді Мамин.

Ол ресейлік тарапқа коронавирусқа қарсы күресте жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыс пен көрсетілген көмек үшін ризашылығын білдірді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар Наурыздың жаңа форматы туралы: 10 күн аз – видео

Мишустин де кездесу барысында ресейлік вакцинаға жоғары баға берді. Ресей премьері пандемия кезінде екі ел бір-біріне қол ұшын созғанын атап өтті.

"Бұл бүгінде әлемдегі ең тиімді вакциналардың бірі. Мен осының арқасында коронавирус әкелетін қауіп-қатерлерді еңсереміз деген үміттемін", - деді ол.

Қазақстанда биыл ақпанда коронавирусқа қарсы вакцина егу науқаны басталды. Әзірге екпе азаматтардың белгілі бір санаттарына егіледі: дәрігерлер, мұғалімдер, әскерилер, полицейлер. Жақын арада әр қазақстандық өзіне вакцина салдыра алады деп жоспарлануда.

Кілт сөздер:
Наурыз мейрамы, видео, коронавирус, Асқар Мамин
Загрузка...

Басты тақырып