Саясат

Ертең Тоқаев пен Назарбаевтың қатысуымен жиын өтеді

© Photo : Twitter/Aidos_UkibayКасым-Жомарт Токаев и Нурсултан Назарбаев
Касым-Жомарт Токаев и Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Бейресми саммит 31 наурыз Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта өтеді

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жиын 31 наурыз Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта өтеді.

Бейресми саммитті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізеді.

Онлайн отырысқа Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады.

"Жиын барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады", - делінген президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Sputnik Қазақстанға берген жауабында.

Сондай-ақ, саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты декларация қабылданады деп жоспарланып отыр.

Саммит Zoom платформасы арқылы өтеді.

БАҚ өкілдері үшін арнайы трансляция ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2018 жылы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммиті өткен еді. Оған Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев және Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған қатысты. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев құрметті қонақ болды.

Жаңалықтар
0