Саясат

Назарбаев Түркі кеңесіне төрағалықты Қырғызстанға тапсырды

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков
Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қазақстанның төрағалығы кезінде түркі мемлекеттерінің интеграциясы өз жалғасын тапқанын атап өтті

АСТАНА, 3 қыркүйек  Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековке Түркі кеңесіне төрағалықты тапсырды.

Әмиян - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлемдегі ең кедей президент зейнетақыдан бас тартты

"Бүгін Қазақстан Түркі кеңесіндегі төрағалығын аяқтап, бұл міндетті қырғыз еліне табыстады. Қазақстанның төрағалығы кезінде түркі мемлекеттерінің интеграциясы өз жалғасын тапты. Атап айтқанда, Астанада өткен саммитте түркітілдес мемлекеттер интеграциясының тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстары берілген болатын",  деді елбасы Шолпан-Ата қаласында өткен саммитте.

Мемлекет басшысы Қазақстанның төрағалығы барысында қол жеткізген жетістіктерге тоқталды.

"Қазақстан төрағалығы аясында ғылыми-ағартушылық жұмыстарға да айрықша көңіл бөлінді. Мәселен, біздің тапсырмаларымызға сәйкес, ортақ түркі тарихы оқулығы әзірленіп, еліміздегі мектеп бағдарламасына енгізіле бастағанын қуанышты жайт деп санау керек. Туризм саласындағы әріптестігімізді жандандыру мақсатымен заманауи "Ұлы Жібек жолы" атты жоба іске қосылды",  деді Назарбаев.

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммиті өткен еді. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев және Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған қатысты.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев құрметті қонақ болды.

Жаңалықтар
0