Саясат

ҚХА депутаттарын сайлау: Назарбаев дауыс берді

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның кандидаттарына дауыс берді
Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның кандидаттарына дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясына 504 адам мүше. Әр сайлаушы – ҚХА мүшесі жеке дауыс береді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-дан мәжіліске депутаттарды сайлауға қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дүйсенбі, 11 қаңтарда, Бейбітшілік және келісім сарайында Ассамблея сайлайтын мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша ҚХА-ның XXVIII сессиясы ашылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиыны)  – Ассамблеяның жоғарғы басқарушы органы.

Бүгінде ҚХА құрамына 504 адам кіреді. Әр сайлаушы –ҚХА мүшесі жеке дауыс береді. Ассамблея мүшелерінің 50%-тен астам даусын жинаған кандидаттар мәжіліске өтеді.

© Sputnik / Владислав ВодневЕлбасы дауыс берді
ҚХА депутаттарын сайлау: Назарбаев дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Елбасы дауыс берді

Сессия аяқталғаннан кейін Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін жариялайды.

Соңғы қорытындыны Орталық сайлау комиссиясы шығарады.

Бұған дейін Ассамблея кеңесі мәжіліс депутаттығына мына үміткерлерді ұсынған болатын:

  • ҚХА-дан сайланған, мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
  • Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
  • "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры Наталья Дементьева;
  • "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
  • "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
  • "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
  • "ЖетысуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
  • "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.
Жаңалықтар
0