НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-дан мәжіліске депутаттарды сайлауға қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дүйсенбі, 11 қаңтарда, Бейбітшілік және келісім сарайында Ассамблея сайлайтын мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша ҚХА-ның XXVIII сессиясы ашылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиыны) – Ассамблеяның жоғарғы басқарушы органы.
Бүгінде ҚХА құрамына 504 адам кіреді. Әр сайлаушы –ҚХА мүшесі жеке дауыс береді. Ассамблея мүшелерінің 50%-тен астам даусын жинаған кандидаттар мәжіліске өтеді.
Сессия аяқталғаннан кейін Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін жариялайды.
Соңғы қорытындыны Орталық сайлау комиссиясы шығарады.
Бұған дейін Ассамблея кеңесі мәжіліс депутаттығына мына үміткерлерді ұсынған болатын:
- ҚХА-дан сайланған, мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
- Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
- Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
- "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры Наталья Дементьева;
- "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
- "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
- "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
- "ЖетысуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
- "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.