Саясат

Трамп "көрдіңдер ме, Қазақстанның дұшпаны жоқ" деді – мемлекет басшысы

© REUTERS / Kevin LamarqueНұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті ақылдасып отырғысы келетінін мәлімдеді

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбатында АҚШ басшысы Дональд Трамптың өзінің кеңестеріне қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады тілшісі.

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Президент Астана туралы: Саяси астарын түсінетін уақыт келді

"Біз телефон арқылы тікелей хабарласуға келістік, қазір байланыс орнатылып жатыр. Ол осы аймақ мәселелерінен хабардар болып, менімен ақылдасып отырмақшы. Осы күнге дейін айтқандарымның барлығын түсінді", — деді Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбатында. 

Қазақстан басшысы АҚШ-қа қаңтар айындағы сапары барысында Трамппен Ресей, Украина, Сирия, Қытай және КХДР туралы сөйлескенін айтып өтті.  

"Ол осы жерде тұратын адам ретінде менің пікірімді білгісі келді. Мен өз пікірімді ашық айттым. Ол жеткізбек болған ойымды түсініп, айналасындағыларға "Көрдіңдер ме, Қазақстанның айналасында дұшпаны жоқ, барлық мемлекетпен дос деді", — деп қосты Назарбаев.


Жаңалықтар
0