Саясат

Президент Астана туралы: Саяси астарын түсінетін уақыт келді

© Sputnik / Владислав ВодневАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы астана көшірілген соң солтүстікте халық саны артқанын айтты

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті неліктен астананы Ақмола қаласына көшіргенін түсіндірді. Сондай-ақ, ол мұның астарында қандай саясат жатқанына тоқталды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде айтып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев президент сайлауы қашан өтетінін айтты

Биыл Қазақстан халқы айтулы оқиға – Астананың жиырма жылдығын жұрт болып жұмылып айрықша атап өтті. Осы орайда мемлекет басшысы неліктен астананы Ақмолаға көшіргенін түсіндірді. 

"Мұның терең саяси астарын түсінетін уақыт келді. Ең басында біз оны айта алмадық. Жағдай әртүрлі болды. Елдің ішінде жұртымыздың өзі бірыңғай емес екенін жақсы білесіздер. Оның үстіне біздің халықтың саны аз болды. Осының барлығы ескерілді және халыққа қиын-қыстау кезеңде жол сілтейтін бір жаңалық керек болды. Әрине, бастапқыда ел қобалжыған еді. "Кедей болсаң, көшіп көр" деген сөз бар. Ал астананы көшіру – оңай шаруа емес еді", — деп түсіндірді Елбасы астананың көшірілу себебін.

Әрі қарай президент қай қаланың жаңа астана болатынын таңдамас бұрын көптеген зерттеу жүргізілгенін айтып өтті. Сондай-ақ, өзі елдің бас қаласын таңдамас бұрын өңірлердің барлығын дерлік аралаған.  Бастапқыда Ұлытауға. Көкшетауға, кейін Ақтөбеге барған. Алайда аталған қалаларда электр энергиясы, жол, су және таза ауа болмағандықтан таңдамаған. Мұнымен қатар, аталған өңірлер геосаяси жағынан тиімсіз болған. 

"Сондықтан төрт жолдың торабы ретінде Ақмоланы таңдадық. Бүгін Астанада далада 26 градус аяз. Бірақ бұдан ешқандай жаманшылық көріп отырған жоқпын. Бір жерде ыстық, екінші жерде суық болуы мүмкін. Қалай болғанда да бұл біздің жеріміз бен еліміз. Қазақстанның дәл төсі, Сарыарқаның ортасы, ата-бабамыздың тұяғы тиген жерді таңдадық", — деді ол. 

Әрі қарай Назарбаев астана солтүстікке көшірілгеннен кейін оңтүстіктен осы аймаққа қоныс аудару көбейгенін атап өтті. Осының арқасында солтүстік аймақта халық саны артқан. Оның үстінде солтүстік өңірде азаматтардың жұмыспен де, жермен де қамтылып жатқаны Қазақстан үшін барынша тиімді екенін айтты.

Жаңалықтар
0