Саясат

Путин Назарбаевқа қоңырау соқты: президенттер не туралы сөйлесті?

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, архивтегі сурет
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшылары Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik.  Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Петропавл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавл Путин мен Назарбаевты қалай қарсы алды — фото

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Жаңалықтар
0