Саясат

Назарбаев Жээнбековке: қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев и президент Кыргызстана Сооронбай Жээнбеков
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев и президент Кыргызстана Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммитіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына келген еді

АСТАНА, 2 қыркүйек  Sputnik. Қырғыз Республикасы, Шолпан-Ата қаласында Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Саули Ниинистё - Sputnik Қазақстан
Әлем
Желіде президенттің алты айлық ұлымен түскен суреті қызу талқылануда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековті Қырғыз Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, бауырлас халыққа тыныштық пен тұрақтылық және бақ-береке тіледі.

"Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен әрдайым Қырғызстанды қолдап келемін",  деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы екі ел арасында жол картасы қабылданып, үкіметаралық комиссия тиімді жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Сіз Президент болып сайланғаннан бері біз жиі кездесіп, көптеген мәселені талқыладық. Екі жақты қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілуде. Сауда-саттық көлемі артып келеді. Бүгінде елдеріміз арасындағы барлық проблема, соның ішінде шекаралық мәселелер толық шешімін тапты",  деді Назарбаев.

Сооронбай Жээнбеков шақыруын қабыл алып, Шолпан-Атаға келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы қатынастардың достық сипатта екенін атап өтті.

Президент жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты

Мемлекеттер басшылары кездесу соңында екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Жаңалықтар
0