Әлем

Желіде президенттің алты айлық ұлымен түскен суреті қызу талқылануда

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуСаули Ниинистё
Саули Ниинистё - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саули Ниинистё әлеуметтік желілердегі парақшасында алғаш рет алты айлық ұлының суретін жариялады

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. 70 жылдық мерейтойын атап өткен Финляндия президенті Саули Ниинистё құттықтауларға жауап ретінде өзінің Twitter-дегі аккаунтында  жүрек тебірентерлік фотосурет жариялады.   

Фото-коллажда екі сурет бар. Екеуінде де Ниинистё орындықта күліп отыр. Бір қолына ұлы Аароны, екінші қолына итін ұстаған.  

​РИА Новостидің мәліметінше, президенттің үшінші ұлының фотосы желіде алғаш рет жарияланды. Президенттің оқырмандарын фотосуреттегі ит пен баланың бір-біріне қарап отырғаны таңғалдырды.

Назарбаевтың үш қызынан туған тоғыз жиені туралы не білеміз? 

Саули Ниинистё Финляндияны 2012 жылдан бері басқарады. Ниинистёнің бірінші әйелі Марья-Лина 1995 жылы автокөлік апатынан қаза болды. Бірінші некеден екі ұлы бар. 2009 жылы Финляндия басшысы 41 жастағы фин ақыны Йенни Хаукиоға үйленді. 2 ақпанда ерлі-зайыптының ұлы дүниеге келді.  

Жаңалықтар
0