20:22 29 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Саясат
Қысқа сілтеме алу
171611

Қырғызстанның БҰҰ-дағы ресми өкілі Мейіргүл Молдаисаева ұйым мүшелеріне қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы ақпарат берді

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Бішкектің ресми өкілі Біріккен ұлттар Ұйымның шарасында сөз сөйлеп, Қазақстан шекарада жасанды кедергілер жасап отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды. 

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, БҰҰ Бас Ассамблеясы Екінші комитетінің жұмысы аясында бірнеше қарар қаралған. "Дамушы елдерді саяси және экономикалық қыспаққа алу құралы ретіндегі біржақты экономикалық шаралар" деп аталатын қарарды қарау барысында Қырғызстанның ресми өкілі Мейіргүл Молдаисаева мәлімдеме жасады. Ол 10 қазаннан бастап Қазақстан тарапынан адамдарды, көліктер мен тауарларды шекара арқылы өткізуге жасанды кедергілер енгізіліп жатқанын атап өтті.   

Молдаисаева БҰҰ-ға мүше елдерге қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы –  "Қырғызстанды экономикалық шығынға ұшырату және елдің инвестициялық, туристік тартымдылығын төмендету мақсатында экономикалық және көліктік блокада қолданылғаны туралы" хабарлады.  

Қырғызстан "бірде-бір мемлекет өзге елді өзіне қарату мақсатында біржақты экономикалық, саяси және өзге сипаттағы кез келген шараны қолдана алмайды " деп жазылған қарардың басты идеясын қолдады. 

Қырғызстан делегациясы қабылданатын құжат екі бауырлас елдің қарым-қатынасын нашарлатып қана қоймай, елдердің тұрақты дамуына тосқауыл болатын кедергілерді тоқтатуға зор серпін беретініне сенім білдірді.  


Загрузка...

Басты тақырып