13:05 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Фото

Миссия сәтті аяқталды: Қазақстанға келген ҰҚШҰ бітімгерлері – фото

Қысқа сілтеме алу
Терроризмге қарсы арнайы операция (136)
80 0 0
© Sputnik / Russian Defence Ministry
ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің әскери техникасы Алматы әуежайында тұр.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгерлік күштері Қазақстандағы нысандарды қорғау бойынша қызмет етті. Алайда бүгін контингентті ел аумағынан шығару басталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жеткізілген ҰҚШҰ бітімгерлерінің миссиясы аяқталғаны туралы мәлімдеді. Контингентті ел аумағынан шығару бүгін – 13 қаңтарда басталады және көп дегенде он күнге созылуы мүмкін.

Мемлекет басшысы "ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті" және "бітімгерлер миссиясы сәтті аяқталғаны" туралы айтты.

Сонымен қатар Қазақстанның көшбасшысы республикада Ұлттық ұлан мен арнайы жасақтың жаңа бөлімшелері құрылатынын, шекара қызметінің жұмыс қағидаттары қайта қаралатынын мәлімдеді.

Бітімгерлік күштерінің әскери қызметкерлері тәулік бойы бекеттер мен бақылау мұнараларында күзетте тұрып, топ құрамында броньді техниканың көмегімен әуежай аумағында патрульдеу ұйымдастырып, сондай-ақ пилотсыз ұшатын аппараттар арқылы халықаралық әуежай ауданына бақылау жүргізді.

Сонымен қатар ресейлік әскерилер Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген әріптестерімен бірлесіп жылу электр станциялары, нан комбинаттары, телеорталықтар, елді сумен қамту кәсіпорындары сынды маңызды нысандарды күзетуді жүзеге асырды.

Еске салсақ, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйылтылған мұнай газының бағасы қымбаттауына байланысты митингке шықты. 3 қаңтарда митинг тағы бірнеше өңірде жалғасты. Наразылық акцияларына мұнай өндіруші кәсіпорындардың вахталық жұмысшылары да қосылды.

4 қаңтарда бірнеше қалада жаппай тәртіпсіздіктер болып, қирату мен бүлдіру басталды.

5 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерден көмек сұрады.

Дәл сол күні үкімет отставкаға кетіп, ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Оқи отырыңыз: Үш өңірде терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр

Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция (136)
Кілт сөздер:
фото, бітімгершілік, ҰҚШҰ
Загрузка...

Басты тақырып