https://sputnik.kz/20220113/onir-terrorizm-operatsiya-19133567.html
Үш өңірде терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр
Үш өңірде терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр
Sputnik Қазақстан
Елдің он төрт өңірінде қауіптің қызыл деңгейі жойылғаны хабарланып отыр 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T10:10+0500
2022-01-13T10:10+0500
2022-02-02T10:06+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
өңірлер
терроризм
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094648_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_47db8a963910fafc91217222451c9b13.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Терроризмге қарсы операция 12 облыста және екі мегаполисте аяқталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.Терроризмге қарсы операция Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында жалғасып жатыр. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында қауіптің қызыл деңгейі жойылды. Ал Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шаралары жалғасып жатыр.Терроризмге қарсы операцияҚазақстанда газ бағасына наразылық білдіру бойынша бейбіт митингтер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып кеткен болатын. Бүлікке қатысушылар әкімшілік ғимараттарды басып алып, ғимараттар мен көліктерге от қойып, адамдарды өлтіре бастады. Артынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізіліп жатқанын, автогаз бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығы құрал ретінде пайдаланылғанын атап өтті.Осыған байланысты Алматыда және басқа өңірлерде Қорғаныс министрлігі күштерінің қатысуымен террористерді тазарту бойынша арнайы операциялар жүргізілді. Бұған дейін Алматыда ұсталған лаңкестер мен тәркіленген қарулар жайлы видео тараған еді.Қазақстанда террористерге қарсы операция олар толық жойылғанға дейін жалғасады, деп мәлімдеді президент Тоқаев. 11 қаңтарда Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті, сондай-ақ қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық өмірін, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын реформалар пакетін ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094648_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_44d16a4735a7da73d9a2f99644206a64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция, терроризм
терроризмге қарсы арнайы операция, терроризм
Үш өңірде терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр
10:10 13.01.2022 (жаңартылды: 10:06 02.02.2022) Елдің он төрт өңірінде қауіптің қызыл деңгейі жойылғаны хабарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Терроризмге қарсы операция 12 облыста және екі мегаполисте аяқталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Терроризмге қарсы операция Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында жалғасып жатыр. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында қауіптің қызыл деңгейі жойылды.
Ал Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шаралары жалғасып жатыр.
Терроризмге қарсы операция
Қазақстанда газ бағасына наразылық білдіру бойынша бейбіт митингтер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып кеткен болатын. Бүлікке қатысушылар әкімшілік ғимараттарды басып алып, ғимараттар мен көліктерге от қойып, адамдарды өлтіре бастады. Артынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізіліп жатқанын, автогаз бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығы құрал ретінде пайдаланылғанын атап өтті.
Осыған байланысты Алматыда және басқа өңірлерде Қорғаныс министрлігі күштерінің қатысуымен террористерді тазарту бойынша арнайы операциялар жүргізілді. Бұған дейін Алматыда ұсталған лаңкестер мен тәркіленген қарулар жайлы видео тараған еді.
Қазақстанда террористерге қарсы операция олар толық жойылғанға дейін жалғасады, деп мәлімдеді президент Тоқаев. 11 қаңтарда Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті, сондай-ақ қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық өмірін, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын реформалар пакетін ұсынды.