Тараздағы бүлік: қалада жағдай қалай өрбіді – фото
Тараздағы бүлік: қалада жағдай қалай өрбіді – фото
Sputnik Қазақстан
Газ бағасының күрт қымбаттауына байланысты Жаңаөзенде басталған наразылық акциясынан кейін елдің бірқатар өңірінде жергілікті халық алаңға жиналып... 10.01.2022, Sputnik Қазақстан
Алайда жағдай ушығуына байланысты Маңғыстау және Алматы облыстарында, кейіннен Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай енгізу туралы президент жарлығы шықты. Түнгі 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін комендант сағаты енгізілді.4 қаңтардың таңында Тараз жұртшылығы да алаңға жиналды. Бірақ ол кезде алаңдағы адам саны аз болатын. Бірақ кеш батқанда жиналған жұрт қарасы көбейіп, мұның соңы тәртіпсіздікке ұласты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдына шығып, заңсыздыққа бой алдырмауға, диалогқа келуге шақырды.Алайда облыс басшысы берген ақпарат бойынша, жүздеген жаста қаладағы басты көшелермен жүріп өтіп, тәртіпсіздік пен заңсыздыққа, бұзақылық әрекеттерге жол берген. Соның салдарынан полиция көліктері аударылып, өрт қойылып, облыстық әкімдік пен "Каspi bank" бөлімшесінің ғимаратына зақым келген.Айта кетері, 5 қаңтарға қараған түннен бастап Таразда Whatsapp, Instagram, Facebook сынды бірқатар әлеуметтік желі жұмысы тоқтатылды. Мобильді интернет жұмысында да ақау байқалды. Бірақ таңда қаладағы тыныс-тіршілік бірқалыпты болды. Қоғамдық көлік қозғалысы тоқтамаған, дүкендер мен басқа да нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұрды. Әйтсе де қала орталығында әскерилер саны көп болды.Кешкі уақытқа қарай қаладағы Қазақтелеком, Beeline операторлары ұсынған кабельді интернет сөндірілді. Ымырт жабылған кезде Tele2/Altel абоненттері қоңырау соғу мүмкіндігінен айырылды. Басқа операторлардың байланысы да оқта-текте жұмыс істеп тұрды. Мұның барлығы 5 қаңтарда қас қарайған шақта орталық алаңға адамдардың көп жиналуы себеп болғаны белгілі. Көтерілісшілердің агрессивті әрекеті әскерилерді уландырғыш және көз ашытатын газ қолдануға мәжбүрледі. Тараз қаласында жағдай қалай өрбігенін Sputnik фотолентасынан біле аласыз.
Газ бағасының күрт қымбаттауына байланысты Жаңаөзенде басталған наразылық акциясынан кейін елдің бірқатар өңірінде жергілікті халық алаңға жиналып, жаңаөзендіктерге қолдау білдіріп, билікке өз талабын жеткізуге тырысты
Алайда жағдай ушығуына байланысты Маңғыстау және Алматы облыстарында, кейіннен Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай енгізу туралы президент жарлығы шықты. Түнгі 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін комендант сағаты енгізілді.
4 қаңтардың таңында Тараз жұртшылығы да алаңға жиналды. Бірақ ол кезде алаңдағы адам саны аз болатын. Бірақ кеш батқанда жиналған жұрт қарасы көбейіп, мұның соңы тәртіпсіздікке ұласты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдына шығып, заңсыздыққа бой алдырмауға, диалогқа келуге шақырды.
Алайда облыс басшысы берген ақпарат бойынша, жүздеген жаста қаладағы басты көшелермен жүріп өтіп, тәртіпсіздік пен заңсыздыққа, бұзақылық әрекеттерге жол берген. Соның салдарынан полиция көліктері аударылып, өрт қойылып, облыстық әкімдік пен "Каspi bank" бөлімшесінің ғимаратына зақым келген.
Айта кетері, 5 қаңтарға қараған түннен бастап Таразда Whatsapp, Instagram, Facebook сынды бірқатар әлеуметтік желі жұмысы тоқтатылды. Мобильді интернет жұмысында да ақау байқалды. Бірақ таңда қаладағы тыныс-тіршілік бірқалыпты болды. Қоғамдық көлік қозғалысы тоқтамаған, дүкендер мен басқа да нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұрды. Әйтсе де қала орталығында әскерилер саны көп болды.
Кешкі уақытқа қарай қаладағы Қазақтелеком, Beeline операторлары ұсынған кабельді интернет сөндірілді. Ымырт жабылған кезде Tele2/Altel абоненттері қоңырау соғу мүмкіндігінен айырылды. Басқа операторлардың байланысы да оқта-текте жұмыс істеп тұрды.
Мұның барлығы 5 қаңтарда қас қарайған шақта орталық алаңға адамдардың көп жиналуы себеп болғаны белгілі. Көтерілісшілердің агрессивті әрекеті әскерилерді уландырғыш және көз ашытатын газ қолдануға мәжбүрледі.
Тараз қаласында жағдай қалай өрбігенін Sputnik фотолентасынан біле аласыз.
Алаң маңайында ұзақ тоқтап, жағдайды сырттай бақылап тұрғандарды да жауапқа алып жатты. Әскерилер мұндай адамдардан жеке куәліктерін сұрап, не мақсатпен жүргендерін тәптіштеп тергеп жатты. Орталық алаңнан сәл жоғары орналасқан облыстық әкімдік алдындағы көшеде де қозғалыс тоқтатылған. Жолдың екі жақ басына қойылған полиция көлігі жүргізушілерді айналып өтуге мәжбүрледі
Себебі мұнда қалалық әкімдік пен Нұр Отан партиясының ғимараттары орналасқан. Осы күні бұл ғимараттардың барлығының есігі тарс жабық болды, ондағы жұмыс тоқтаған, қызметкерлер үйлеріне қайтарылған
Қаңтардың 5-нен 6 -на қараған түнде облыстық әкімдік, Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облыстық полиция департаменті, Тараз қаласы полиция басқармасы, Тараз қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ғимараттарына өрт қойылды
Кешке қарай қала көшелерінде жұрт қарасы қайта көбейді. Әсіресе "Алаңға!" деп атойлаған жастар көп болды. Олардың басым бөлігі өз көлігінің мемлекеттік нөмірін алып тастағанын да айта кету керек. Бір ескеретін жайт – бұл күні қалада ешқандай әскери немесе құқық қорғау саласының өкілдері кездеспеді
Бұл жолы жиналған топ екіге бөлінді. Бірі – қырып-жоюды, қарсы тұруды көздесе, екінші топ осыларға басу айтып, қаланы бүлдірудің, заңсыз әрекетке барудың қажеті жоқ екенін айтып жатты
Олар күн батқанда емес, ертеңіне саябақта бас қосып, нақты талаптарды айтуға шақырды. Бірақ бұл үндеуге құлақ асқандар саны аз болды. Соның салдарынан қалалық әкімдікке баса-көктеп кіруді көздегендерге қарсы ескерту оқ атылды
7 қаңтардың таңында орталық алаңға қайтадан күзет қойылып, қару асынған тәртіп сақшылары алаңды қос бағыттан бөгеп тұрды. Нұр Отан ғимаратының қаңыраған терезелерінен әлі де түтін көтеріліп жатты.
Осы күні кеште қызметтік көлікке мінген тәртіп сақшылары кешкі сағат 19:00-ден таңғы 07:00-ге дейін комендант сағаты енгізілгенін, далаға шықпау қажеттігін ескертіп, қала ішін аралап жүрді