Тараздағы бүлік: қалада жағдай қалай өрбіді – фото
11:56 10.01.2022 (жаңартылды: 09:46 02.02.2022)
Жазылу
Газ бағасының күрт қымбаттауына байланысты Жаңаөзенде басталған наразылық акциясынан кейін елдің бірқатар өңірінде жергілікті халық алаңға жиналып, жаңаөзендіктерге қолдау білдіріп, билікке өз талабын жеткізуге тырысты
Алайда жағдай ушығуына байланысты Маңғыстау және Алматы облыстарында, кейіннен Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай енгізу туралы президент жарлығы шықты. Түнгі 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін комендант сағаты енгізілді.
4 қаңтардың таңында Тараз жұртшылығы да алаңға жиналды. Бірақ ол кезде алаңдағы адам саны аз болатын. Бірақ кеш батқанда жиналған жұрт қарасы көбейіп, мұның соңы тәртіпсіздікке ұласты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдына шығып, заңсыздыққа бой алдырмауға, диалогқа келуге шақырды.
Алайда облыс басшысы берген ақпарат бойынша, жүздеген жаста қаладағы басты көшелермен жүріп өтіп, тәртіпсіздік пен заңсыздыққа, бұзақылық әрекеттерге жол берген. Соның салдарынан полиция көліктері аударылып, өрт қойылып, облыстық әкімдік пен "Каspi bank" бөлімшесінің ғимаратына зақым келген.
Айта кетері, 5 қаңтарға қараған түннен бастап Таразда Whatsapp, Instagram, Facebook сынды бірқатар әлеуметтік желі жұмысы тоқтатылды. Мобильді интернет жұмысында да ақау байқалды. Бірақ таңда қаладағы тыныс-тіршілік бірқалыпты болды. Қоғамдық көлік қозғалысы тоқтамаған, дүкендер мен басқа да нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұрды. Әйтсе де қала орталығында әскерилер саны көп болды.
Кешкі уақытқа қарай қаладағы Қазақтелеком, Beeline операторлары ұсынған кабельді интернет сөндірілді. Ымырт жабылған кезде Tele2/Altel абоненттері қоңырау соғу мүмкіндігінен айырылды. Басқа операторлардың байланысы да оқта-текте жұмыс істеп тұрды.
Мұның барлығы 5 қаңтарда қас қарайған шақта орталық алаңға адамдардың көп жиналуы себеп болғаны белгілі. Көтерілісшілердің агрессивті әрекеті әскерилерді уландырғыш және көз ашытатын газ қолдануға мәжбүрледі.
Тараз қаласында жағдай қалай өрбігенін Sputnik фотолентасынан біле аласыз.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайҚалқан асынған полиция қызметкерлері орталық алаңды қоршап, жан баласын жақындатпады. Полиция көлігі алаңға кіретін қос бағыттағы жолды бөгеп тұрды
1/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Қалқан асынған полиция қызметкерлері орталық алаңды қоршап, жан баласын жақындатпады. Полиция көлігі алаңға кіретін қос бағыттағы жолды бөгеп тұрды
© Sputnik / Ақмарал ШағатайАлаң маңайында ұзақ тоқтап, жағдайды сырттай бақылап тұрғандарды да жауапқа алып жатты. Әскерилер мұндай адамдардан жеке куәліктерін сұрап, не мақсатпен жүргендерін тәптіштеп тергеп жатты. Орталық алаңнан сәл жоғары орналасқан облыстық әкімдік алдындағы көшеде де қозғалыс тоқтатылған. Жолдың екі жақ басына қойылған полиция көлігі жүргізушілерді айналып өтуге мәжбүрледі
2/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Алаң маңайында ұзақ тоқтап, жағдайды сырттай бақылап тұрғандарды да жауапқа алып жатты. Әскерилер мұндай адамдардан жеке куәліктерін сұрап, не мақсатпен жүргендерін тәптіштеп тергеп жатты. Орталық алаңнан сәл жоғары орналасқан облыстық әкімдік алдындағы көшеде де қозғалыс тоқтатылған. Жолдың екі жақ басына қойылған полиция көлігі жүргізушілерді айналып өтуге мәжбүрледі
© Sputnik / Ақмарал ШағатайСебебі мұнда қалалық әкімдік пен Нұр Отан партиясының ғимараттары орналасқан. Осы күні бұл ғимараттардың барлығының есігі тарс жабық болды, ондағы жұмыс тоқтаған, қызметкерлер үйлеріне қайтарылған
3/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Себебі мұнда қалалық әкімдік пен Нұр Отан партиясының ғимараттары орналасқан. Осы күні бұл ғимараттардың барлығының есігі тарс жабық болды, ондағы жұмыс тоқтаған, қызметкерлер үйлеріне қайтарылған
© Sputnik / Ақмарал ШағатайӘкімдік ғимаратының алдында түрлі камуфляжды әскерилер сап түзіп тұрды. Қатарынан тізілген полиция көлігінің де қарасы көп болды
4/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Әкімдік ғимаратының алдында түрлі камуфляжды әскерилер сап түзіп тұрды. Қатарынан тізілген полиция көлігінің де қарасы көп болды
© Sputnik / Ақмарал ШағатайҚаңтардың 5-нен 6 -на қараған түнде облыстық әкімдік, Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облыстық полиция департаменті, Тараз қаласы полиция басқармасы, Тараз қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ғимараттарына өрт қойылды
5/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Қаңтардың 5-нен 6 -на қараған түнде облыстық әкімдік, Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облыстық полиция департаменті, Тараз қаласы полиция басқармасы, Тараз қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ғимараттарына өрт қойылды
© Sputnik / Ақмарал ШағатайОблыстық әкімдік пен полиция өкілдері шоғырланған ғимараттардың тұрағындағы көліктер түгелдей өртелген
6/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Облыстық әкімдік пен полиция өкілдері шоғырланған ғимараттардың тұрағындағы көліктер түгелдей өртелген
© Sputnik6 қаңтардың таңында ғимараттар бүлікшілерден толық босатылды. Бірақ Nur Otan ғимараты әлі де түтіндеп, бықсып жатты
7/16
© Sputnik
6 қаңтардың таңында ғимараттар бүлікшілерден толық босатылды. Бірақ Nur Otan ғимараты әлі де түтіндеп, бықсып жатты
© Sputnik / Ақмарал ШағатайКешке қарай қала көшелерінде жұрт қарасы қайта көбейді. Әсіресе "Алаңға!" деп атойлаған жастар көп болды. Олардың басым бөлігі өз көлігінің мемлекеттік нөмірін алып тастағанын да айта кету керек. Бір ескеретін жайт – бұл күні қалада ешқандай әскери немесе құқық қорғау саласының өкілдері кездеспеді
8/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Кешке қарай қала көшелерінде жұрт қарасы қайта көбейді. Әсіресе "Алаңға!" деп атойлаған жастар көп болды. Олардың басым бөлігі өз көлігінің мемлекеттік нөмірін алып тастағанын да айта кету керек. Бір ескеретін жайт – бұл күні қалада ешқандай әскери немесе құқық қорғау саласының өкілдері кездеспеді
© Sputnik / Ақмарал ШағатайБұл жолы жиналған топ екіге бөлінді. Бірі – қырып-жоюды, қарсы тұруды көздесе, екінші топ осыларға басу айтып, қаланы бүлдірудің, заңсыз әрекетке барудың қажеті жоқ екенін айтып жатты
9/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Бұл жолы жиналған топ екіге бөлінді. Бірі – қырып-жоюды, қарсы тұруды көздесе, екінші топ осыларға басу айтып, қаланы бүлдірудің, заңсыз әрекетке барудың қажеті жоқ екенін айтып жатты
© Sputnik / Ақмарал ШағатайОлар күн батқанда емес, ертеңіне саябақта бас қосып, нақты талаптарды айтуға шақырды. Бірақ бұл үндеуге құлақ асқандар саны аз болды. Соның салдарынан қалалық әкімдікке баса-көктеп кіруді көздегендерге қарсы ескерту оқ атылды
10/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Олар күн батқанда емес, ертеңіне саябақта бас қосып, нақты талаптарды айтуға шақырды. Бірақ бұл үндеуге құлақ асқандар саны аз болды. Соның салдарынан қалалық әкімдікке баса-көктеп кіруді көздегендерге қарсы ескерту оқ атылды
© Sputnik / Ақмарал Шағатай7 қаңтардың таңында орталық алаңға қайтадан күзет қойылып, қару асынған тәртіп сақшылары алаңды қос бағыттан бөгеп тұрды. Нұр Отан ғимаратының қаңыраған терезелерінен әлі де түтін көтеріліп жатты.
11/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
7 қаңтардың таңында орталық алаңға қайтадан күзет қойылып, қару асынған тәртіп сақшылары алаңды қос бағыттан бөгеп тұрды. Нұр Отан ғимаратының қаңыраған терезелерінен әлі де түтін көтеріліп жатты.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайӘскерилер мен полиция қызметкерлері қандай да бір пікір білдіруден түбегейлі бас тартты
12/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Әскерилер мен полиция қызметкерлері қандай да бір пікір білдіруден түбегейлі бас тартты
© Sputnik / Ақмарал ШағатайОсы күні кеште қызметтік көлікке мінген тәртіп сақшылары кешкі сағат 19:00-ден таңғы 07:00-ге дейін комендант сағаты енгізілгенін, далаға шықпау қажеттігін ескертіп, қала ішін аралап жүрді
13/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Осы күні кеште қызметтік көлікке мінген тәртіп сақшылары кешкі сағат 19:00-ден таңғы 07:00-ге дейін комендант сағаты енгізілгенін, далаға шықпау қажеттігін ескертіп, қала ішін аралап жүрді
© Sputnik / СтрингерБұдан кейін комендант сағатын сақтамағандарға да тиісті шара қолданылды
14/16
© Sputnik / Стрингер
Бұдан кейін комендант сағатын сақтамағандарға да тиісті шара қолданылды
© Sputnik / Ақмарал Шағатай10 қаңтардағы Тараз қаласы
15/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
10 қаңтардағы Тараз қаласы
© Sputnik / Ақмарал ШағатайБанкомат кезегінде тұрған адамдар. Қала біртіндеп қалыпты өмірге оралып келеді
16/16
© Sputnik / Ақмарал Шағатай
Банкомат кезегінде тұрған адамдар. Қала біртіндеп қалыпты өмірге оралып келеді