13:04 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Фото

96 жылдық тарихтан сыр шертеді: Әуезов театрының музейінде қандай жәдігерлер бар – фото

Қысқа сілтеме алу
77 0 0
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Актер Елубай Өмірзақовтың тақиясы
  • КСРО халық әртісі Фарида Шәріпованың Қобыланды қойылымындағы Қарлыға образын сахнаға алып шыққан кездегі костюмі
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталған
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
  • Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі
© Sputnik / Тимур Батыршин
Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі 1958 жылы ашылған.

Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі 1958 жылы ашылған. Содан бері тоқтамай жұмыс істеп келеді. Театр жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін оған арнайы орын бөлінген. Театр музейі 2013 жылы қайта жаңғырды

"Музейдің дизайнері – Мұрат Сапаров. 2013 жылы екі залды жаңғырту туралы шешім қабылданғаннан кейін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Есмұхан Обаев кірді. Сол кісілердің шешімі негізінде екі зал жаңартылды. Содан кейін ауқымды жұмыс атқарылды. Музейдің жалпы аумағы – 500 шаршы метр. Музейді дайындауға төрт ай берілді. Музейдегі экспонаттарды орналастыру кезінде театрдың 80 жылдығына арнайы шыққан альбом басшылыққа алынды", - дейді театр музейінің жетекшісі Нарқыз Тамабекқызы.

Альбомда театрдың тарихы 4 кезеңге бөлініп көрсетілген. Қазір екі зал ішінде театрдың 96 жылдық тарихы түгел қамтылған.

"Театр музейінің қоры өте бай. 200 мыңнан аса экспонат бар. Оның ішіне қордағы фотолар, актерлердің майлы бояумен салынған портреттері, афишалар да кіреді. 50-ге жуық сахналық киім жиналған. Оның арасында 1930 жылдары сахнада қолданылған 4 шапан құнды саналады", - дейді музей жетекшісі.

Театр музейінде қандай мұралар сақталғанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

Кілт сөздер:
фото, музей, Әуезов атындағы драма театры
Загрузка...

Басты тақырып