"Музейдің дизайнері – Мұрат Сапаров. 2013 жылы екі залды жаңғырту туралы шешім қабылданғаннан кейін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Есмұхан Обаев кірді. Сол кісілердің шешімі негізінде екі зал жаңартылды. Содан кейін ауқымды жұмыс атқарылды. Музейдің жалпы аумағы – 500 шаршы метр. Музейді дайындауға төрт ай берілді. Музейдегі экспонаттарды орналастыру кезінде театрдың 80 жылдығына арнайы шыққан альбом басшылыққа алынды", - дейді театр музейінің жетекшісі Нарқыз Тамабекқызы.
Альбомда театрдың тарихы 4 кезеңге бөлініп көрсетілген. Қазір екі зал ішінде театрдың 96 жылдық тарихы түгел қамтылған.
"Театр музейінің қоры өте бай. 200 мыңнан аса экспонат бар. Оның ішіне қордағы фотолар, актерлердің майлы бояумен салынған портреттері, афишалар да кіреді. 50-ге жуық сахналық киім жиналған. Оның арасында 1930 жылдары сахнада қолданылған 4 шапан құнды саналады", - дейді музей жетекшісі.
Театр музейінде қандай мұралар сақталғанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі 1958 жылы ашылған.
1/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі 1958 жылы ашылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейдің дизайнері – Мұрат Сапаров. 2013 жылы екі залды жаңғырту туралы шешім қабылданғаннан кейін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Есмұхан Обаев кірген.
2/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Музейдің дизайнері – Мұрат Сапаров. 2013 жылы екі залды жаңғырту туралы шешім қабылданғаннан кейін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Есмұхан Обаев кірген.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузей екі залдан тұрады, оның ішінде әр жылдардағы экспонаттар қойылған. Театр музейінің қоры өте бай. 200 мыңнан аса экспонат бар. Оның ішіне қордағы фотолар, артистердің майлы бояумен салынған портреттері, афишалар да кіреді.
3/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Музей екі залдан тұрады, оның ішінде әр жылдардағы экспонаттар қойылған. Театр музейінің қоры өте бай. 200 мыңнан аса экспонат бар. Оның ішіне қордағы фотолар, артистердің майлы бояумен салынған портреттері, афишалар да кіреді.
© Sputnik / Тимур Батыршин1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде КСРО халық әртісі Шолпан Жандарбекованың "Ақын трагедиясы" қойылымында Ақтоқты рөлін сомдаған кезде киген сахналық киімі.
4/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде КСРО халық әртісі Шолпан Жандарбекованың "Ақын трагедиясы" қойылымында Ақтоқты рөлін сомдаған кезде киген сахналық киімі.
© Sputnik / Тимур БатыршинАктер Елубай Өмірзақовтың тақиясы
5/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Актер Елубай Өмірзақовтың тақиясы
© Sputnik / Тимур БатыршинКСРО халық әртісі Фарида Шәріпованың "Қобыланды" қойылымындағы Қарлыға образын сахнаға алып шыққан кездегі костюмі. Музейде образдың толық бөлшегі сақталған.
6/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
КСРО халық әртісі Фарида Шәріпованың "Қобыланды" қойылымындағы Қарлыға образын сахнаға алып шыққан кездегі костюмі. Музейде образдың толық бөлшегі сақталған.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузей ішінде театр әртістерінің марапаттары мен еңбек кітапшаларын да көруге болады.
7/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Музей ішінде театр әртістерінің марапаттары мен еңбек кітапшаларын да көруге болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинАктер үшін сахна киелі жер. Ал оның сахнаға шығар алдындағы әрлеу бөлмесінің орны да ерекше. Музейде арнайы бұрышқа Серке Қожамқұловтың бөлмесінен алынған үстел мен орындық қойылған.
8/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Актер үшін сахна киелі жер. Ал оның сахнаға шығар алдындағы әрлеу бөлмесінің орны да ерекше. Музейде арнайы бұрышқа Серке Қожамқұловтың бөлмесінен алынған үстел мен орындық қойылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘр суреттің өз тарихы бар. Музейдегі әр фото – әр кезеңнің айнасы. Театрдың алғашқы труппасы, алғашқы режиссері Жұмат Шаниннің фотолары мен театр ғимараттарының фотосын көруге болады. Мұнда "Әуезов және театр" деген арнайы тақта бар, онда Мұхтар Әуезов театрда еңбек еткен жылдардағы фотолар қойылған.
9/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Әр суреттің өз тарихы бар. Музейдегі әр фото – әр кезеңнің айнасы. Театрдың алғашқы труппасы, алғашқы режиссері Жұмат Шаниннің фотолары мен театр ғимараттарының фотосын көруге болады. Мұнда "Әуезов және театр" деген арнайы тақта бар, онда Мұхтар Әуезов театрда еңбек еткен жылдардағы фотолар қойылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры 1976 жылы "Халықтар достығы" орденімен марапатталған. Музейде марапат қағазының түпнұсқасы сақталған.
10/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры 1976 жылы "Халықтар достығы" орденімен марапатталған. Музейде марапат қағазының түпнұсқасы сақталған.
© Sputnik / Тимур БатыршинТеатр музейінде 50-ге жуық сахналық киім жиналған. Оның арасында 1930 жылдары сахнада қолданылған 4 шапан құнды саналады
11/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Театр музейінде 50-ге жуық сахналық киім жиналған. Оның арасында 1930 жылдары сахнада қолданылған 4 шапан құнды саналады
© Sputnik / Тимур БатыршинАлғаш рет театр сахнасында Абай рөлін сомдаған – Қалибек Қуанышбаев. Музейде қазірге дейін Абай рөлін сомдаған актерлердің фотосы арнайы бұрышқа қойылған. Фотода: Ыдырыс Ноғайбаев пен Мүлік Сүртібаев киген сахналық костюм.
12/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алғаш рет театр сахнасында Абай рөлін сомдаған – Қалибек Қуанышбаев. Музейде қазірге дейін Абай рөлін сомдаған актерлердің фотосы арнайы бұрышқа қойылған. Фотода: Ыдырыс Ноғайбаев пен Мүлік Сүртібаев киген сахналық костюм.
© Sputnik / Тимур БатыршинСерке (Сералы) Қожамқұловтың Қазақ ССР-нің әдебиет, өнер және архитектура саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанғанын растайтын куәлік.
13/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Серке (Сералы) Қожамқұловтың Қазақ ССР-нің әдебиет, өнер және архитектура саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанғанын растайтын куәлік.
© Sputnik / Тимур БатыршинТеатрға келушілер арасында дәл осы бұрыш аса танымал, себебі жастар қазақтың маңдайалды әртістерінің фотосы бір жерге жиналған фонда фотоға түскенді ұнатады.
14/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Театрға келушілер арасында дәл осы бұрыш аса танымал, себебі жастар қазақтың маңдайалды әртістерінің фотосы бір жерге жиналған фонда фотоға түскенді ұнатады.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейде әр жылдардағы афишалар мен театр өнеріне еңбегі сіңген қайраткерлердің фотосы қойылған. Сол жақта: КСРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзербайжан Мәмбетовтің суреті; оң жақта: Шыңғыс Айтматовтың "Ана-Жер-Ана" қойылымының афишасы ілінген.
15/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Музейде әр жылдардағы афишалар мен театр өнеріне еңбегі сіңген қайраткерлердің фотосы қойылған. Сол жақта: КСРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзербайжан Мәмбетовтің суреті; оң жақта: Шыңғыс Айтматовтың "Ана-Жер-Ана" қойылымының афишасы ілінген.