16:55 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Фото

Пандемия әсері ме? "Кальмар ойыны" әлемді жаулап алды – фото

Қысқа сілтеме алу
4008 0 0
© REUTERS / Vidhyaa Chandramohan
Ойыншылар Әбу-Дабидегі кәріс мәдени орталығындағы шынайы "Кальмар ойынына" қатысар алдында суретке түскен сәті.

Миллиардтаған адам көріп, жүз мыңдаған пікір мен қызу таласқа себеп болған "Кальмар ойыны" сериалы әлемде үлкен танымалдылыққа ие болды

Сериал авторы – оңтүстік кореялық сценарист және режиссер Хван дон Хек өз туындысын "жолы болмағандардың ойыны" деп атаса да, кейбір елде, мысалы Біріккен Араб Әмірліктерінде мұндай ойындар расында да кеңінен таралып, үлкен сұранысқа ие болып отыр. Мұндай ойын өткізуге пандемия да кедергі болмады.

"Кальмар ойыны" – бұл өмір үшін күресіп, көп ақша үшін бәсекеге түсетіндер туралы драмалық сериал. Ол Оңтүстік Корея кинематгорафына тән қатыгездік пен аяусыз көріністерге толы.

Сериал Netflix платформасында 17 қыркүйектен бастап көрсетіле бастады да, бір айдың ішінде әлемнің 90 елінде адамдар ең көп көрген фильмдер қатарына енді. Бұл сериалдың феноменді табысының құпиясы неде?

Cцена из первого сезона южнокорейского веб-сериала Игра в кальмара
NETFLIX / AFP/YOUNGKYU PARK
"Кальмар ойыны" сериалы

"Кальмар ойыны" туралы пікірлер қақ жарылады. Оны жақтаушылар да, даттаушылар да көп. Бір нәрсе анық – бұл сериал ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Барлық көрермен бірауыздан "жаның ашитын" кейіпкердің болмауын бұл кинотуындының басты ерекшелігі деп атады. "Кальмар ойынына" қатысқан 456 адамның әрқайсысы өмірде қиын жағдайға тап болғандар. Алайда мұндай қиындыққа кез келуіне ол адамдардың өз әрекеті себепші. Мәселен, бірі баласын тастаса, енді бірі қарт анасына қараудан бас тартқан. Әрбір қатысушы ақырында барлығы дерлік өлетінін білсе де, оңай жолмен ақша табамын деген оймен ойынды жалғастыра береді.

Сонымен қатар шынайы өмір мен ойын желісін шатастырып алмас үшін екі жағдайды екі түрлі түс арқылы көрсету көрермен көңілінен шыққан. Сюжеттің баяу дамуына қарамастан, экраннан көз алмай отырып көруге итермелейтін сериал екенін де киносүйер қауым мойындады.

Сериал авторы Хван де Хек сериал идеясы 2008 жылы анасы және әжесімен бірге тұрып, қаражат жағынан қатты қысылған шақта пайда болғанын айтты.

Сериалды түсіру жұмыстары пандемияға дейін 2019 жылы басталған. Алайда коронавирус салдарынан оны тоқтатып қоюға тура келді. Әйтсе де бұл жағдай "Кальмар ойыны" төңірегінде көп ақпараттың пайда болып, оған көрермен қызығушылығын арттыруға оңтайлы әсер етті. 

Оқи отырыңыз: 

Загрузка...

Басты тақырып