Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Пандемия әсері ме? "Кальмар ойыны" әлемді жаулап алды – фото

Жазылу
Миллиардтаған адам көріп, жүз мыңдаған пікір мен қызу таласқа себеп болған "Кальмар ойыны" сериалы әлемде үлкен танымалдылыққа ие болды

Сериал авторы – оңтүстік кореялық сценарист және режиссер Хван дон Хек өз туындысын "жолы болмағандардың ойыны" деп атаса да, кейбір елде, мысалы Біріккен Араб Әмірліктерінде мұндай ойындар расында да кеңінен таралып, үлкен сұранысқа ие болып отыр. Мұндай ойын өткізуге пандемия да кедергі болмады.

"Кальмар ойыны" – бұл өмір үшін күресіп, көп ақша үшін бәсекеге түсетіндер туралы драмалық сериал. Ол Оңтүстік Корея кинематгорафына тән қатыгездік пен аяусыз көріністерге толы.

Сериал Netflix платформасында 17 қыркүйектен бастап көрсетіле бастады да, бір айдың ішінде әлемнің 90 елінде адамдар ең көп көрген фильмдер қатарына енді. Бұл сериалдың феноменді табысының құпиясы неде?

"Кальмар ойыны" туралы пікірлер қақ жарылады. Оны жақтаушылар да, даттаушылар да көп. Бір нәрсе анық – бұл сериал ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Барлық көрермен бірауыздан "жаның ашитын" кейіпкердің болмауын бұл кинотуындының басты ерекшелігі деп атады. "Кальмар ойынына" қатысқан 456 адамның әрқайсысы өмірде қиын жағдайға тап болғандар. Алайда мұндай қиындыққа кез келуіне ол адамдардың өз әрекеті себепші. Мәселен, бірі баласын тастаса, енді бірі қарт анасына қараудан бас тартқан. Әрбір қатысушы ақырында барлығы дерлік өлетінін білсе де, оңай жолмен ақша табамын деген оймен ойынды жалғастыра береді.

Сонымен қатар шынайы өмір мен ойын желісін шатастырып алмас үшін екі жағдайды екі түрлі түс арқылы көрсету көрермен көңілінен шыққан. Сюжеттің баяу дамуына қарамастан, экраннан көз алмай отырып көруге итермелейтін сериал екенін де киносүйер қауым мойындады.

Сериал авторы Хван де Хек сериал идеясы 2008 жылы анасы және әжесімен бірге тұрып, қаражат жағынан қатты қысылған шақта пайда болғанын айтты.

Сериалды түсіру жұмыстары пандемияға дейін 2019 жылы басталған. Алайда коронавирус салдарынан оны тоқтатып қоюға тура келді. Әйтсе де бұл жағдай "Кальмар ойыны" төңірегінде көп ақпараттың пайда болып, оған көрермен қызығушылығын арттыруға оңтайлы әсер етті. 

Оқи отырыңыз: 

© REUTERS / Vidhyaa ChandramohanОйыншылар Әбу-Дабидегі кәріс мәдени орталығындағы шынайы "Кальмар ойынына" қатысар алдында суретке түскен сәті.
Участники «Игры в кальмара» в Корейском культурном центре в Абу-Даби, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
1/10
Ойыншылар Әбу-Дабидегі кәріс мәдени орталығындағы шынайы "Кальмар ойынына" қатысар алдында суретке түскен сәті.
© REUTERS / Eloisa LopezNetflix киностудиясы түсірген "Кальмар ойыны" сериалындағы "кейіпкер" – биіктігі 3 метр болатын қуыршақ Филиппиндегі Кесон-Сити сауда орталығының алдында орнатылды.
Кукла высотой 3 метра из сериала Netflix Игра в кальмара ​​возле торгового центра в Кесон-Сити, Филиппины - Sputnik Қазақстан
2/10
Netflix киностудиясы түсірген "Кальмар ойыны" сериалындағы "кейіпкер" – биіктігі 3 метр болатын қуыршақ Филиппиндегі Кесон-Сити сауда орталығының алдында орнатылды.
© AFP 2024 / Hector RetamalNetflix-тің "Кальмар ойыны" сериалында көрсетілген қытырлақ тәтті далгонас сататын Шанхайдағы дүкеннің алдына жиылған жұрт. Жалпы бұл кинотуындыны Қытайда көрсетуге тыйым салынған. Сондықтан оны көп қытай жасырын көрді. Әйтсе де бұл кинотуындының танымалдылығына кедергі бола алмады. Кино табынушылары кәмпиттен бастап басты кейіпкерлердің спорт киімдеріне дейін сатып алуда.
Покупатели в небольшом магазине хрустящих леденцов далгонас, показанных в сериале Netflix Squid Game, в Шанхае - Sputnik Қазақстан
3/10
Netflix-тің "Кальмар ойыны" сериалында көрсетілген қытырлақ тәтті далгонас сататын Шанхайдағы дүкеннің алдына жиылған жұрт. Жалпы бұл кинотуындыны Қытайда көрсетуге тыйым салынған. Сондықтан оны көп қытай жасырын көрді. Әйтсе де бұл кинотуындының танымалдылығына кедергі бола алмады. Кино табынушылары кәмпиттен бастап басты кейіпкерлердің спорт киімдеріне дейін сатып алуда.
© REUTERS / Edgar SuСингапурдегі Brown Butter дәмханасы "Кальмар ойыны" сериалының желісі бойынша ойын ұйымдастырды. Енді дәмханаға келген кез келген адам тәтті қытырлақтан пішін "ойып" көре алады.
Поклонники популярного сериала Netflix «Игра в кальмара» в кафе Brown Butter в Сингапуре - Sputnik Қазақстан
4/10
Сингапурдегі Brown Butter дәмханасы "Кальмар ойыны" сериалының желісі бойынша ойын ұйымдастырды. Енді дәмханаға келген кез келген адам тәтті қытырлақтан пішін "ойып" көре алады.
© AP Photo / Ahn Young-joonЕр адам "Кальмар ойыны" сериалында көрініс тапқан дәстүрлі балалар ойынын қызымен бірге ойнап жүр.
Сон Кван Чже и его дочь Чжэ Ин играют в оригинальную «Игру в кальмара» в парке в Кояне, Южная Корея - Sputnik Қазақстан
5/10
Ер адам "Кальмар ойыны" сериалында көрініс тапқан дәстүрлі балалар ойынын қызымен бірге ойнап жүр.
© AFP 2024 / Bryan Bedder / Getty Images for ReedPopДжейкоб Джавитс орталығында New York Comic Con 2021 шарасында "Кальмар ойыны" сериалындағы күзетші және аниме кейіпкері Sailor Moon болып киінген косплеерлер.
Косплееры в костюмах Squid Game и Sailor Moon на New York Comic Con 2021 в Центре Джейкоба Джавитса - Sputnik Қазақстан
6/10
Джейкоб Джавитс орталығында New York Comic Con 2021 шарасында "Кальмар ойыны" сериалындағы күзетші және аниме кейіпкері Sailor Moon болып киінген косплеерлер.
© AFP 2024 / Yelim LeeСеулде көшедегі саудагер Netflix түсірген "Кальмар ойыны" сериалында көрсетілген тәтті қытырлақ кәмпит далгондарды дайындап жатыр.
Уличный торговец в Сеуле штампует форму зонтика на далгоны, хрустящей сахарной конфеты, показанной в популярном сериале Netflix Squid Game - Sputnik Қазақстан
7/10
Сеулде көшедегі саудагер Netflix түсірген "Кальмар ойыны" сериалында көрсетілген тәтті қытырлақ кәмпит далгондарды дайындап жатыр.
© REUTERS / Vidhyaa ChandramohanОйыншылар Әбу-Дабидегі кәріс мәдени орталығында өтетін "Кальмар ойыны" жарысына бара жатыр.
Участники «Игры в кальмара» в Корейском культурном центре в Абу-Даби, ОАЭ - Sputnik Қазақстан
8/10
Ойыншылар Әбу-Дабидегі кәріс мәдени орталығында өтетін "Кальмар ойыны" жарысына бара жатыр.
© REUTERS / Edgar SuСингапурдегі Brown Butter дәмханасының есігіне ілінген Netflix туындысы "Кальмар ойыны" сериалына қатысты маңдайша жазу.
Вывеска на тему популярного сериала Netflix Игра в кальмары в кафе Brown Butter в Сингапуре - Sputnik Қазақстан
9/10
Сингапурдегі Brown Butter дәмханасының есігіне ілінген Netflix туындысы "Кальмар ойыны" сериалына қатысты маңдайша жазу.
© REUTERS / Heo RanКөшедегі саудагер Netflix түсірген "Кальмар ойыны" сериалының арқасында танымал болған далгондарды әзірлеуде.
Уличный торговец продает конфеты из сериала Netflix Игра в кальмары в магазине Dalgona в Сеуле, Южная Корея - Sputnik Қазақстан
10/10
Көшедегі саудагер Netflix түсірген "Кальмар ойыны" сериалының арқасында танымал болған далгондарды әзірлеуде.
Жаңалықтар
0