Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Талдыкөл періштелері: елордадағы көлге қоқиқаз қонды – фото

Жазылу
Бұл құбылыс көпшілікті таңғалдыруы мүмкін, алайда қызғылт қоқиқаз елордадағы Талдыкөлдің тағдыры шешіліп жатқанда ұшып келді. Осылайша ерекше құстар көлді сақтап қалу мақсатында адамзатқа белгі бергендей болды

Көптеген жыл ішінде қоқиқаз алғаш рет ел астанасына ортасына қонды. Бұған дейін оларды тек қала маңынан ғана көруге болатын.

Нұр-Сұлтанда кіші Талдыкөлді құтқару бойынша ауқымды акциялар өткені белгілі.

Билік көлді құммен жауып, жаңа нысандар салғысы келді.

Алайда бұған жергілікті тұрғындар қарсы болды, оларды зооқорғаушылар, экоактивистер және журналистер қолдады.

Кіші Талдыкөлдің тағдыры шешіліп жатқанда қоқиқаз қала орталығының жанындағы табиғи саябаққа ұшып келді. Биліктің қалалық су қоймасын құрғату туралы шешіміне байланысты қалыптасқан жағдайды ескерсек, бұл құбылыстың да символдық мәні бар.

Осындай сәтте қоқиқаздың көлге келуі адамдарға табиғат берген сұлулықты жоймай, керісінше сақтауға белгі бергендей болды.

Кіші және үлкен Талдыкөлге  Sputnik Қазақстан тілшісі Абзал Қалиев барып қоқиқаз бен оны тамашалауға жиналған тұрғындарды түсіріп қайтты.

Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

© Sputnik / Абзал КалиевҚызғылт қоқиқаз Нұр-Сұлтандағы Талдыкөл көліне қонды. Қала тұрғындары табиғи су қоймасының жағасына таңғажайып, әсем құсты тамашалауға жиналып жатыр.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
1/16
Қызғылт қоқиқаз Нұр-Сұлтандағы Талдыкөл көліне қонды. Қала тұрғындары табиғи су қоймасының жағасына таңғажайып, әсем құсты тамашалауға жиналып жатыр.
© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтандағы Талдыкөлге қонған қызғылт қоқиқаздар артында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
2/16
Нұр-Сұлтандағы Талдыкөлге қонған қызғылт қоқиқаздар артында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
© Sputnik / Абзал КалиевҚызғылт қоқиқазға қарап тек қана жақсы дүниені еске алғың келеді.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
3/16
Қызғылт қоқиқазға қарап тек қана жақсы дүниені еске алғың келеді.
© Sputnik / Абзал КалиевОрнитологтар қазір құстардың ұшуы белсенді жүріп жатқанын, сондықтан құстар Қазақстан астанасында ұзақ тұрақтамайтынын айтты.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
4/16
Орнитологтар қазір құстардың ұшуы белсенді жүріп жатқанын, сондықтан құстар Қазақстан астанасында ұзақ тұрақтамайтынын айтты.
© Sputnik / Абзал КалиевҚұстардың бұл түрі әдетте Қорғалжын қорығын паналайды, алайда қаладағы көл де олардың тіршілік етуіне қолайлы саналады.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
5/16
Құстардың бұл түрі әдетте Қорғалжын қорығын паналайды, алайда қаладағы көл де олардың тіршілік етуіне қолайлы саналады.
© Sputnik / Абзал КалиевКіші Талдыкөл қоқиқаз мекендеуге таптырмайтын жер, себебі мұндағы суды сүзіп, омыртқасыз жануарларды өсіруге болады.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
6/16
Кіші Талдыкөл қоқиқаз мекендеуге таптырмайтын жер, себебі мұндағы суды сүзіп, омыртқасыз жануарларды өсіруге болады.
© Sputnik / Абзал КалиевҚоқиқаз таяз көлдерді жақсы көреді.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
7/16
Қоқиқаз таяз көлдерді жақсы көреді.
© Sputnik / Абзал КалиевОрнитологтардың айтуынша, кіші Талдыкөлде қоқиқаз ұзақ аялдамайды. Қорық аумағында құстар мұз пайда болғанша тұрақтайды.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
8/16
Орнитологтардың айтуынша, кіші Талдыкөлде қоқиқаз ұзақ аялдамайды. Қорық аумағында құстар мұз пайда болғанша тұрақтайды.
© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтанның қақ ортасын тұрақтаған қызғылт қоқиқаздар қала тұрғындарын қуанышқа бөледі.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
9/16
Нұр-Сұлтанның қақ ортасын тұрақтаған қызғылт қоқиқаздар қала тұрғындарын қуанышқа бөледі.
© Sputnik / Абзал КалиевҚаланың экологиялық кеңесінде Кіші Талдыкөлде рекреациялық аймақты сақтау және құру мәселесі қаралды.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар. - Sputnik Қазақстан
10/16
Қаланың экологиялық кеңесінде Кіші Талдыкөлде рекреациялық аймақты сақтау және құру мәселесі қаралды.
© Sputnik / Абзал КалиевСу айдынында "Кіші Талдыкөл" сулы-батпақты нысанын сақтау үшін түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
11/16
Су айдынында "Кіші Талдыкөл" сулы-батпақты нысанын сақтау үшін түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.
© Sputnik / Абзал КалиевТалдыкөл (үлкен Талдыкөл) көлінің маңында еліміздегі алғашқы қорық және орман-саябақ аймағы бар табиғи парк пайда болады.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
12/16
Талдыкөл (үлкен Талдыкөл) көлінің маңында еліміздегі алғашқы қорық және орман-саябақ аймағы бар табиғи парк пайда болады.
© Sputnik / Абзал КалиевЕкінші экопарк Майбалық көлінің жанында болады. Фотоға қала тұрғындары Талдыкөлдегі қоқиқазды тамашалауға келген сәт түсірілген.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
13/16
Екінші экопарк Майбалық көлінің жанында болады. Фотоға қала тұрғындары Талдыкөлдегі қоқиқазды тамашалауға келген сәт түсірілген.
© Sputnik / Абзал КалиевЖас қоқиқаздың қанаты сұр түсті болады. Олар әлі қызғылт түске боялып үлгермеген.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
14/16
Жас қоқиқаздың қанаты сұр түсті болады. Олар әлі қызғылт түске боялып үлгермеген.
© Sputnik / Абзал КалиевАстаналықтар жағада әсем қоқиқазды бақылап отыр. Тоғаннан оннан астам құсты көруге болады.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
15/16
Астаналықтар жағада әсем қоқиқазды бақылап отыр. Тоғаннан оннан астам құсты көруге болады.
© Sputnik / Абзал КалиевҚоқиқаздар Кіші Талдыкөлге шағын топ болып ұшып келді. Мамандардың сөзінше, жас құстар шамамен бір жылдан кейін қызғылт түске боялады.
Талдыкөлдегі қоқиқаздар - Sputnik Қазақстан
16/16
Қоқиқаздар Кіші Талдыкөлге шағын топ болып ұшып келді. Мамандардың сөзінше, жас құстар шамамен бір жылдан кейін қызғылт түске боялады.
Жаңалықтар
0