10:59 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Фото

Жиырма жыл бұрын болған терактінің үрей мен шарасыздыққа толы кадрлары

Қысқа сілтеме алу
107 0 0
© AP Photo / Carmen Taylor
Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттарының біріне ұшақ соғылған сәт

Жиырма жыл бұрын осы кадрлар таралған кезде адам нанғысыз екені, алайда бұл бүкіл әлемді өзгерткен сұмдық жағдай екені түсінікті болды

Бұл кадрды көрген адам үрей мен шарасыздықты сезінеді. 2001 жылдың 11 қыркүйегі, сейсенбі әлем тарихындағы ең қаралы күнге айналды.

Жер шарындағы кез келген адамның жүрегін қан жылататын бұл оқиға болғалы биыл тура жиырма жыл толды. Бірақ төңірегінде беті ашылмаған құпия әлі жетерлік. Мысалы, сәулетшілер биік ғимараттың болат конструкциясы ұшақ соғылғаннан кейін болған өрттен балқып кетуі мүмкін емес екенін айтуда.

Сонымен қатар теракт кезінде көз жұмған адамдардың тең жартысының жеке басы анықталған жоқ. Күні кеше Нью-Йорктің бас сот-медициналық сарапшысы Барбара Сэмпсон тағы екі адамның жеке тұлғасы анықталғанын айтты.

Әлемдегі ең биік ғимараттың бірі - Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасына террористер басып алған ұшақ соғылды. Сол сәттен бастап әлем түбегейлі өзгерді деуге болады. Осы жылдар ішінде 1 647 немесе мерт болғандардың 40%-і анықталды. Тағы 1 106 адамның кім екені белгісіз. Сэмпсон мамандар осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

19 террористен құралған топ 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та төрт жолаушылар ұшағын басып алды. Оның екеуі Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының биік мұнараларына соғылды. Тағы біреуі Америка астанасы маңындағы Пентагон ғимаратын қиратса, төртіншісі Пенсильваниядағы Шэнксвилл қаласының маңында құлады. Бұл ұшақтағы жолаушылар мен экипаж мүшелері террористерге қарсылық танытқан.

Теракт кезінде 2,9 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл теракт үшін жауапкершілікті "Әл-Каида"* террористік ұйымы өз мойнына алды.

*"Әл-Каида" – Қазақстанда және басқа мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйым.

Тақырып бойынша

Ауғанстаннан қашқан жұлдыздар мен танымал тұлғалар – фото
Тұңғиыққа батқан тіршілік: Кипр жағалауында суасты орман пайда болды – фото
Қазақстаннан Шри-Ланкаға дейін: әлем елдеріндегі мектеп формасы қандай – фото
Сәнқой ит пен мысық: әсемдікке әуес жануарлар – фото
Қоқыстан жасалған BMW, "ақылды" электрокар мен болашақтың басқа да көліктері – фото
Кілт сөздер:
теракт, АҚШ, фото
Загрузка...

Басты тақырып