Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жиырма жыл бұрын болған терактінің үрей мен шарасыздыққа толы кадрлары

Жазылу
Жиырма жыл бұрын осы кадрлар таралған кезде адам нанғысыз екені, алайда бұл бүкіл әлемді өзгерткен сұмдық жағдай екені түсінікті болды

Бұл кадрды көрген адам үрей мен шарасыздықты сезінеді. 2001 жылдың 11 қыркүйегі, сейсенбі әлем тарихындағы ең қаралы күнге айналды.

Жер шарындағы кез келген адамның жүрегін қан жылататын бұл оқиға болғалы биыл тура жиырма жыл толды. Бірақ төңірегінде беті ашылмаған құпия әлі жетерлік. Мысалы, сәулетшілер биік ғимараттың болат конструкциясы ұшақ соғылғаннан кейін болған өрттен балқып кетуі мүмкін емес екенін айтуда.

Сонымен қатар теракт кезінде көз жұмған адамдардың тең жартысының жеке басы анықталған жоқ. Күні кеше Нью-Йорктің бас сот-медициналық сарапшысы Барбара Сэмпсон тағы екі адамның жеке тұлғасы анықталғанын айтты.

Әлемдегі ең биік ғимараттың бірі - Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасына террористер басып алған ұшақ соғылды. Сол сәттен бастап әлем түбегейлі өзгерді деуге болады. Осы жылдар ішінде 1 647 немесе мерт болғандардың 40%-і анықталды. Тағы 1 106 адамның кім екені белгісіз. Сэмпсон мамандар осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

19 террористен құралған топ 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та төрт жолаушылар ұшағын басып алды. Оның екеуі Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының биік мұнараларына соғылды. Тағы біреуі Америка астанасы маңындағы Пентагон ғимаратын қиратса, төртіншісі Пенсильваниядағы Шэнксвилл қаласының маңында құлады. Бұл ұшақтағы жолаушылар мен экипаж мүшелері террористерге қарсылық танытқан.

Теракт кезінде 2,9 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл теракт үшін жауапкершілікті "Әл-Каида"* террористік ұйымы өз мойнына алды.

*"Әл-Каида" – Қазақстанда және басқа мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйым.

© AP Photo / Carmen TaylorНью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттарының біріне ұшақ соғылған сәт
Момент столкновения самолета с одним из башен Всемирного торгового центра в Нью-Йорке   - Sputnik Қазақстан
1/19
Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттарының біріне ұшақ соғылған сәт
© AFP 2024 / Stan HondaДүниежүзілік сауда орталығындағы теракт кезінде жараланғандар жақын маңайда орналасқан Нью-Йорк банкіне жайғастырылды
Раненые в банке рядом со Всемирным торговым центром во время теракта в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
2/19
Дүниежүзілік сауда орталығындағы теракт кезінде жараланғандар жақын маңайда орналасқан Нью-Йорк банкіне жайғастырылды
© AP Photo / Mark Lennihan11 қыркүйекте әлемді дүр сілкіндірген теракт кезінде опырыла құлаған ғимараттың түтіні бірнеше күн басылмады. Дүниежүзілік сауда орталығына іргелес жатқан көшенің барлығы өрт сөндіру мен қирандыларды тазартуға арналған техникаға лық толды. Адамдар ғимарат шатырына шығып, түтін бағаналарына қарап тұр
Люди на крыше дома во время теракта в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
3/19
11 қыркүйекте әлемді дүр сілкіндірген теракт кезінде опырыла құлаған ғимараттың түтіні бірнеше күн басылмады. Дүниежүзілік сауда орталығына іргелес жатқан көшенің барлығы өрт сөндіру мен қирандыларды тазартуға арналған техникаға лық толды. Адамдар ғимарат шатырына шығып, түтін бағаналарына қарап тұр
© AP Photo / Andrea Booher/FEMAНью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығындағы жарылыстан кейінгі кеңсе іші
Пепел внутри офиса после взрыва во Всемирном торговом центре в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
4/19
Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығындағы жарылыстан кейінгі кеңсе іші
© AFP 2024 / Marcos TownsendӨрт сөндіруші Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараты құлағаннан кейін аман қалған адамдарды іздестіріп жатыр
Пожарный в разрушенном лобби Всемирногофинансового центра после теракта в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
5/19
Өрт сөндіруші Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараты құлағаннан кейін аман қалған адамдарды іздестіріп жатыр
© AFP 2024 / Doug Kanter2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракті кезінде зақымдалған жедел жәрдем көлігі мен қирандыларға толған Нью-Йорк көшесі
Поврежденный автомобиль скорой помощи и покрытая обломками улица после обрушения первого здания Всемирного торгового центра в Нью-Йорке - Sputnik Қазақстан
6/19
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракті кезінде зақымдалған жедел жәрдем көлігі мен қирандыларға толған Нью-Йорк көшесі
© AFP 2024 / Stan HondaБойын үрей билеген адамдар Дүниежүзілік сауда орталығының бірінші ғимараты құлағалы тұрған сәтте бой тасалап қашып жатыр
Люди бегут во время обрушения верхних этажей башни Всемирного торгового центра в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
7/19
Бойын үрей билеген адамдар Дүниежүзілік сауда орталығының бірінші ғимараты құлағалы тұрған сәтте бой тасалап қашып жатыр
© AP Photo / Boudicon OneТеррористік шабуыл салдарынан опырыла құлаған 110 қабатты сауда үйінің қирандылары және оттың күлі төменгі Манхэттен көшесін жауып қалды
Обломки зданий и пепел на улице после теракта в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
8/19
Террористік шабуыл салдарынан опырыла құлаған 110 қабатты сауда үйінің қирандылары және оттың күлі төменгі Манхэттен көшесін жауып қалды
© AFP 2024 / Eric FeferbergҚирап қалған мына кеңседен 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейінгі Дүниежүзілік сауда орталығының егіз ғимаратын көруге болады
Разрушенный офис и вид на обрушившуюся башню Всемирного торгового центра после теракта в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
9/19
Қирап қалған мына кеңседен 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейінгі Дүниежүзілік сауда орталығының егіз ғимаратын көруге болады
© AP Photo / Diane BondareffТеракт болған сәтте Дүниежүзілік сауда орталығының жанында болған адамдар бой тасалап қашуда. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористер басып алған ұшақтар қос ғимаратқа соғылған болатын
Люди убегают во время теракта в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
10/19
Теракт болған сәтте Дүниежүзілік сауда орталығының жанында болған адамдар бой тасалап қашуда. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористер басып алған ұшақтар қос ғимаратқа соғылған болатын
© AP Photo / Quyen TranТура 20 жыл бұрынғы терактіден соң қираған сауда үйінің шаңы мен күлі бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан ғимараттарды да басып қалды
Тарелки и стол под пеплом в квартире после теракта в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
11/19
Тура 20 жыл бұрынғы терактіден соң қираған сауда үйінің шаңы мен күлі бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан ғимараттарды да басып қалды
© AP Photo / Suzanne PlunkettТеракт салдарынан отқа оранып, қираған Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратынан бас сауғалау үшін адамдар Нью-Йорк көшелерімен қашып келеді
Люди на улицах во время теракта в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
12/19
Теракт салдарынан отқа оранып, қираған Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратынан бас сауғалау үшін адамдар Нью-Йорк көшелерімен қашып келеді
© AP Photo / New York City Transit110 қабатты Дүниежүзілік сауда орталығының қирауы осы ғимарат астындағы метро тоннелінде де байқалды. 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі терактіден кейін жер астындағы бір жарым шақырым теміржол жолын қалпына келтіруге тура келді
Разрушенный тоннель метро в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
13/19
110 қабатты Дүниежүзілік сауда орталығының қирауы осы ғимарат астындағы метро тоннелінде де байқалды. 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі терактіден кейін жер астындағы бір жарым шақырым теміржол жолын қалпына келтіруге тура келді
© AP Photo / Amy SancettaЕгіз ғимаратты жайлаған өрттен бой тасалау үшін адамдар сыртқы қабырға арқылы далаға шықпақ болды
Люди висят снаружи на окнах башни Всемирного торгового центра во время теракта в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
14/19
Егіз ғимаратты жайлаған өрттен бой тасалау үшін адамдар сыртқы қабырға арқылы далаға шықпақ болды
© AFP 2024 / David ButtonТеррористер қиратқан Дүниежүзілік сауда орталығының жанындағы дүкенде шаң мен күл басқан манекендер осы апаттан аман қалмаған адамдарды бейнелеп тұрғандай
Разрушенный магазин у Всемирного торгового центра после теракта в Нью-Йорке - Sputnik Қазақстан
15/19
Террористер қиратқан Дүниежүзілік сауда орталығының жанындағы дүкенде шаң мен күл басқан манекендер осы апаттан аман қалмаған адамдарды бейнелеп тұрғандай
© AP Photo / Gulnara SamoilovaҚұтқарушылар қирап қалған Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратынан аман шыққан жаралы әйелге көмектесіп жатыр
Спасатели помогают раненой женщине после теракта в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
16/19
Құтқарушылар қирап қалған Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратынан аман шыққан жаралы әйелге көмектесіп жатыр
© AP Photo / Mark LennihanНью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының жанындағы шаң мен күл басқан метро жолы
Разрушенные вход в метро и автобус у Всемирного торгового центра после теракта в Нью-Йорке - Sputnik Қазақстан
17/19
Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының жанындағы шаң мен күл басқан метро жолы
© AP Photo / Bebeto MatthewsБұл жантүршігерлік оқиғаның салдары Нью-Йорк тұрғындарының үйінде де көрініс тапты. Көп адамның үйіндегі жиһаз бен балалар ойыншығын шаң мен күл басқан
Покрытие пеплом и пылью игрушки в квартире после теракта в Нью-Йорке - Sputnik Қазақстан
18/19
Бұл жантүршігерлік оқиғаның салдары Нью-Йорк тұрғындарының үйінде де көрініс тапты. Көп адамның үйіндегі жиһаз бен балалар ойыншығын шаң мен күл басқан
© AP Photo / Amy SancettaБикман-стриттегі жаяу жүргіншілер террористер шабуыл жасаған Дүниежүзілік сауда орталығының аумағынан қашып жатыр
Люди на улице во время теракта в Нью-Йорке - Sputnik Қазақстан
19/19
Бикман-стриттегі жаяу жүргіншілер террористер шабуыл жасаған Дүниежүзілік сауда орталығының аумағынан қашып жатыр
Жаңалықтар
0