Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде қандай экспонаттар бар – фото

Жазылу
Алматыдағы халық музыкалық аспаптар музейі 1981 жылы 24 сәуірде ашылған

Музей қорында ұлттық музыкалық аспаптармен қатар түрік халықтары, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1300-ден аса экспонат бар. Мұнда 9 экспозициялық зал жұмыс істеп тұр.

Музейдің ашылу тарихы мемлекет және қоғам қайраткері, академик Өзбекәлі Жәнібековтың есімімен тікелей байланысты. Ал музей ғимараты 1908 жылы белгілі сәулетші А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған. Бұл ғимарат кезінде офицерлер жеке құрамының клубы, Жетісудың I ауылшаруашылық және өндірістік көрмесінің көрме павильоны, пошта-телеграф кеңсесі, "Красная звезда" кинотеатры, офицерлердің жиналыс үйі, аймақтық офицерлер үйі, Орта Азия әскери округі офицерлер үйі қызметін атқарған. Кейіннен музыкалық аспаптар музейі болды.

1990 жылы 11 наурызда музейге қазақтың халық композиторы, қобызшы Ықылас Дүкенұлының есімін беру туралы шешім қабылданды.

Оқи отырыңыз: 500-ге жуық музыкалық туындының авторы Нұрғиса Тілендиевтің музейі – фото

Музейде экспонаттарды сақтау, насихаттау және музыкалық мұраны дәріптеу, сондай-ақ музей коллекцияларын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми бөлім бар. Сондай-ақ 120 адамға арналған лекция-концерт залы жұмыс істеп тұр. Музей ішінде қандай экспонаттар бар екенін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы халық музыкалық аспаптар музейі 1981 жылы 24 сәуірде ашылған. Музей қорында ұлттық музыкалық аспаптармен қатар түрік халықтары, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1300-ден аса экспонат бар.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
1/22
Алматыдағы халық музыкалық аспаптар музейі 1981 жылы 24 сәуірде ашылған. Музей қорында ұлттық музыкалық аспаптармен қатар түрік халықтары, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1300-ден аса экспонат бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузей ғимараты 1908 жылы белгілі сәулетші А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған. Бұл ғимарат кезінде офицерлер жеке құрамының клубы, Жетісудың I ауылшаруашылық және өндірістік көрмесінің көрме павильоны, пошта-телеграф кеңсесі, "Красная звезда" кинотеатры, офицерлердің жиналыс үйі, аймақтық офицерлер үйі, Орта Азия әскери округі офицерлер үйі қызметін атқарған. Кейіннен музыкалық аспаптар музейі болды.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі  - Sputnik Қазақстан
2/22
Музей ғимараты 1908 жылы белгілі сәулетші А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған. Бұл ғимарат кезінде офицерлер жеке құрамының клубы, Жетісудың I ауылшаруашылық және өндірістік көрмесінің көрме павильоны, пошта-телеграф кеңсесі, "Красная звезда" кинотеатры, офицерлердің жиналыс үйі, аймақтық офицерлер үйі, Орта Азия әскери округі офицерлер үйі қызметін атқарған. Кейіннен музыкалық аспаптар музейі болды.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейде 9 экспозициялық зал жұмыс істеп тұр. Олар кіріспе залы, үрмелі, ұрмалы және шулы музыкалық аспаптар залы, мемориалдық музыкалық аспаптар залы, қобыз залы, шеберлер залы, түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптары залы, Азия және Африка халықтарының, Азия халықтарының, Европа халықтарының музыкалық аспаптары залы.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі  - Sputnik Қазақстан
3/22
Музейде 9 экспозициялық зал жұмыс істеп тұр. Олар кіріспе залы, үрмелі, ұрмалы және шулы музыкалық аспаптар залы, мемориалдық музыкалық аспаптар залы, қобыз залы, шеберлер залы, түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптары залы, Азия және Африка халықтарының, Азия халықтарының, Европа халықтарының музыкалық аспаптары залы.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейдегі қазақтың ұрмалы музыкалық аспабының бірі – дабыл. Бұл аспап ежелден дыбыс беру құралы болған. Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған. Қазақ ауыз әдебиетінде дабыл ер жігіттің негізгі бес қаруының бірі ретінде айтылады. Дабылға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда сақталған. Мысалы: әзербайжандарда – табль, қырғыздарда – дообул, өзбектерде – даул, армяндарда – доол, арабтарда – тэвл.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
4/22
Музейдегі қазақтың ұрмалы музыкалық аспабының бірі – дабыл. Бұл аспап ежелден дыбыс беру құралы болған. Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған. Қазақ ауыз әдебиетінде дабыл ер жігіттің негізгі бес қаруының бірі ретінде айтылады. Дабылға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда сақталған. Мысалы: әзербайжандарда – табль, қырғыздарда – дообул, өзбектерде – даул, армяндарда – доол, арабтарда – тэвл.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖетіген – қазақтың көнеден келе жатқан көп ішекті, шертпелі музыкалық аспабы. Оның шығу тарихы мен даму жолдары туралы нақты деректер болмағанымен, шамамен б.з.д. V–IV ғғ. пайда болған көне көп ішекті аспаптардың шығу тарихымен сәйкестендіріп болжам жасауға болады.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі  - Sputnik Қазақстан
5/22
Жетіген – қазақтың көнеден келе жатқан көп ішекті, шертпелі музыкалық аспабы. Оның шығу тарихы мен даму жолдары туралы нақты деректер болмағанымен, шамамен б.з.д. V–IV ғғ. пайда болған көне көп ішекті аспаптардың шығу тарихымен сәйкестендіріп болжам жасауға болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖетіген туралы Маслов, Паллас, Георги, Болотов, Гмелин, Рычков сияқты зерттеушілер мен саяхатшылар қазақ даласынан аспап әуенін естігендігін айтып, біршама пікір қалдырған. Мысалы зерттеуші Маслов "Сибирский Вестик" журналында 1818 жылы жарияланған мақаласында жетіген туралы суреттеген. "Ятага – Орынбор қырғыздары қолданатын музыкалық аспап. Шанағы ұзын, орта тұсы төртбұрышты, бір жағына қарай доғал бұрыштанып сәл иілген. Бүйіріндегі екі қақпағы тұтас, қалған екі қақпақтың әрқайсысы екі бөліктен біріктірілген, олардың бір-біріне қатынасы 9:25-ке қатынасындай...", деп жазды ол.
1966 жылы Оразғазы Бейсембаев сол сипаттама бойынша жетіген аспабын жасады. Нақ осы жетігеннің бейнесін қайтадан өмірге келтіру көне аспаптарды қайта жасау ісінің бастамасы болды.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
6/22
Жетіген туралы Маслов, Паллас, Георги, Болотов, Гмелин, Рычков сияқты зерттеушілер мен саяхатшылар қазақ даласынан аспап әуенін естігендігін айтып, біршама пікір қалдырған. Мысалы зерттеуші Маслов "Сибирский Вестик" журналында 1818 жылы жарияланған мақаласында жетіген туралы суреттеген. "Ятага – Орынбор қырғыздары қолданатын музыкалық аспап. Шанағы ұзын, орта тұсы төртбұрышты, бір жағына қарай доғал бұрыштанып сәл иілген. Бүйіріндегі екі қақпағы тұтас, қалған екі қақпақтың әрқайсысы екі бөліктен біріктірілген, олардың бір-біріне қатынасы 9:25-ке қатынасындай...", деп жазды ол.
1966 жылы Оразғазы Бейсембаев сол сипаттама бойынша жетіген аспабын жасады. Нақ осы жетігеннің бейнесін қайтадан өмірге келтіру көне аспаптарды қайта жасау ісінің бастамасы болды.
© Sputnik / Тимур БатыршинАдырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыда батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдарға ұқсап жасалды.
Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан қадалған жерін ойып түсер қаруды еске түсіргендіктен де осылай аталса керек.
Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
7/22
Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыда батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдарға ұқсап жасалды.
Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан қадалған жерін ойып түсер қаруды еске түсіргендіктен де осылай аталса керек.
Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖарас бақсының нарқобызы – XVIII ғасырда, тұтас өрік ағашынан шауып, ойып жасалған. Шанағы нар түйенің терісінен тартылып, ішегі аттың қылынан жасалған. Аспаптың шанағы мен мойын тұстарын темірмен жамаған. Ішін ойып жасап, айна ілер жасаған. Нарқобыздың ұзындығы – 1 метр, шанағы – 29 см, шанақ ені – 37 см, шанақ аумағы – 1 метр, сылдырмағы үшеу.
XVIIΙ ғасырда жасалған Жарас бақсының қобызын – Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны Бижан Сауырбаев 1983 жылы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне тапсырған.
Жарас бақсының нарқобызы музей жәдігерлерінің арасындағы ең көне және тарихи маңызы бар аспап. Қобыз аңыздай құнды, әрі оның тарихы да өте қызық. 1942 жылға дейін қобыз атадан балаға мұра ретінде сақталған. Аспап Жарас бақсының алты ұрпағына дейін сақталып, бірінің қолынан екіншісіне өтіп отырған. Жарас бақсы өз заманында нарқобызын жанында ұстап бақсылық құрған. Одан кейін мұраны Бейсенбет, Құлтас, Бұралқы есімді ұрпақтары аталарының көзіндей сақтап қолдан-қолға қалдырып отырған. Бұралқы 1942 жылы соғысқа кетіп, майданнан қайтып оралмайды. Атадан қалған қасиетті жәдігер келесі ұрпақтары Бердібекке, одан Бижан қолына өткен. Қобыздың өн бойы әбден ысталып қарайған.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
8/22
Жарас бақсының нарқобызы – XVIII ғасырда, тұтас өрік ағашынан шауып, ойып жасалған. Шанағы нар түйенің терісінен тартылып, ішегі аттың қылынан жасалған. Аспаптың шанағы мен мойын тұстарын темірмен жамаған. Ішін ойып жасап, айна ілер жасаған. Нарқобыздың ұзындығы – 1 метр, шанағы – 29 см, шанақ ені – 37 см, шанақ аумағы – 1 метр, сылдырмағы үшеу.
XVIIΙ ғасырда жасалған Жарас бақсының қобызын – Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны Бижан Сауырбаев 1983 жылы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне тапсырған.
Жарас бақсының нарқобызы музей жәдігерлерінің арасындағы ең көне және тарихи маңызы бар аспап. Қобыз аңыздай құнды, әрі оның тарихы да өте қызық. 1942 жылға дейін қобыз атадан балаға мұра ретінде сақталған. Аспап Жарас бақсының алты ұрпағына дейін сақталып, бірінің қолынан екіншісіне өтіп отырған. Жарас бақсы өз заманында нарқобызын жанында ұстап бақсылық құрған. Одан кейін мұраны Бейсенбет, Құлтас, Бұралқы есімді ұрпақтары аталарының көзіндей сақтап қолдан-қолға қалдырып отырған. Бұралқы 1942 жылы соғысқа кетіп, майданнан қайтып оралмайды. Атадан қалған қасиетті жәдігер келесі ұрпақтары Бердібекке, одан Бижан қолына өткен. Қобыздың өн бойы әбден ысталып қарайған.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚоңырау – жаңашылдықтың белгісі, өзгерістің ұғымы. Қоңырау – бұрын халық өнерпаздары көп қолданған музыкалық аспап. Ол халық әндері мен күйлерін сүйемелдеу үшін қолданылған. Оны қылқобызшылар, шаңқобызшылар сондай-ақ бақсылар да пайдаланып келген. Домбырашылар мен қылқобызшылар қоңырауды аспаптың басына, мойнына немесе шанақтың ішіне іліп қоятын болған. Керек кезінде музыкант аспапты сілкіп қалса, қоңырау сыңғыр қағып қоя береді де музыканы құлпырта, түрлендіреді түседі. Ал шаңқобызда ойнаған әйелдер шағын қоңырауды саусақтарына іліп алатын болған.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
9/22
Қоңырау – жаңашылдықтың белгісі, өзгерістің ұғымы. Қоңырау – бұрын халық өнерпаздары көп қолданған музыкалық аспап. Ол халық әндері мен күйлерін сүйемелдеу үшін қолданылған. Оны қылқобызшылар, шаңқобызшылар сондай-ақ бақсылар да пайдаланып келген. Домбырашылар мен қылқобызшылар қоңырауды аспаптың басына, мойнына немесе шанақтың ішіне іліп қоятын болған. Керек кезінде музыкант аспапты сілкіп қалса, қоңырау сыңғыр қағып қоя береді де музыканы құлпырта, түрлендіреді түседі. Ал шаңқобызда ойнаған әйелдер шағын қоңырауды саусақтарына іліп алатын болған.
© Sputnik / Тимур БатыршинТұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар тұрпаты өте қарапайым, үні ерекше музыкалық аспап. Аспап қазақы салт-дәстүр, жоралғыларда кеңінен қолданылған. Кезінде ұзатылар қыздың сыңсу әніне сүйемел де болған. Елін қимай кетіп бара жатқан қыздың жүрек назын айқын жеткізіп, тыңдаған жанның сай-сүйегін сырқыратқан. Оның соғылуымен шауып келе жатқан аттың дүбірі құлаққа келеді.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
10/22
Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар тұрпаты өте қарапайым, үні ерекше музыкалық аспап. Аспап қазақы салт-дәстүр, жоралғыларда кеңінен қолданылған. Кезінде ұзатылар қыздың сыңсу әніне сүйемел де болған. Елін қимай кетіп бара жатқан қыздың жүрек назын айқын жеткізіп, тыңдаған жанның сай-сүйегін сырқыратқан. Оның соғылуымен шауып келе жатқан аттың дүбірі құлаққа келеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинДудыға – қазақтың соқпалы-шулы музыкалық аспабы. Әу баста бұл аспапты әскербасылар мен батырлар жорық кезінде ұстайтын болған.
Бұл туралы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі: "Дудыға қағып, сырнайын тартып" немесе "Дудыға сілкіп қағайын, Дұшпанға ойран салайын", - деп келетін жыр жолдарынан аңғарылады.
Фотодағы ұрмалы-шулы мүйіз қақпа аспабы ертеректе аң-құстарды шақыру үшін немесе керісінше үркіту үшін үй тұрмысында қолданылған. Бүгінгі таңда оркестр, ансамбльдердің құрамында қосымша дыбыс беру үшін қолданылады.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі  - Sputnik Қазақстан
11/22
Дудыға – қазақтың соқпалы-шулы музыкалық аспабы. Әу баста бұл аспапты әскербасылар мен батырлар жорық кезінде ұстайтын болған.
Бұл туралы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі: "Дудыға қағып, сырнайын тартып" немесе "Дудыға сілкіп қағайын, Дұшпанға ойран салайын", - деп келетін жыр жолдарынан аңғарылады.
Фотодағы ұрмалы-шулы мүйіз қақпа аспабы ертеректе аң-құстарды шақыру үшін немесе керісінше үркіту үшін үй тұрмысында қолданылған. Бүгінгі таңда оркестр, ансамбльдердің құрамында қосымша дыбыс беру үшін қолданылады.
© Sputnik / Тимур БатыршинШаңқобыз – бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілше болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілше тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір текшелерінен де жасалған түрлері бар. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайтын болған. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.
Шаңқобыз – көптеген ұлтта тараған төл аспап: орыс, украин, татар, башқұрт, қалмақ, алтай, хакас, тува, якут, чуваш, мари, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, түркімен, дүңген, қырғыз халықтары арасына кеңінен тараған. Көршілес халықтарда кең тарауы оның Қазақстанда да көпке дейін сақталып келуіне себепші болған.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
12/22
Шаңқобыз – бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілше болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілше тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір текшелерінен де жасалған түрлері бар. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайтын болған. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.
Шаңқобыз – көптеген ұлтта тараған төл аспап: орыс, украин, татар, башқұрт, қалмақ, алтай, хакас, тува, якут, чуваш, мари, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, түркімен, дүңген, қырғыз халықтары арасына кеңінен тараған. Көршілес халықтарда кең тарауы оның Қазақстанда да көпке дейін сақталып келуіне себепші болған.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазіргі кезде "ортеке" өнері ғылыми тұрғыдан аз зерттелген. Оны зерттеу – түркі халықтарының қуыршақ өнерінің қайнар көзін айқындаудың жолы және жалпы мәдени мұрасын тануының кілті.
Ортеке екі сөзден, яғни "ор", және "теке" сөздерінен құралған. "Ор" сөзі қазақ тілінде "шұңқыр" немесе "кедергі" яғни, "жау қолынан қазылған шұңқыр" деген мағынаны білдіреді. Теке сөзіне келсек ежелгі түрік сөздігінде "тека" – теке деген мағынаны білдіреді, қазақ тілінде бұл сөз ешкінің еркегіне байланысты айтылады.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
13/22
Қазіргі кезде "ортеке" өнері ғылыми тұрғыдан аз зерттелген. Оны зерттеу – түркі халықтарының қуыршақ өнерінің қайнар көзін айқындаудың жолы және жалпы мәдени мұрасын тануының кілті.
Ортеке екі сөзден, яғни "ор", және "теке" сөздерінен құралған. "Ор" сөзі қазақ тілінде "шұңқыр" немесе "кедергі" яғни, "жау қолынан қазылған шұңқыр" деген мағынаны білдіреді. Теке сөзіне келсек ежелгі түрік сөздігінде "тека" – теке деген мағынаны білдіреді, қазақ тілінде бұл сөз ешкінің еркегіне байланысты айтылады.
© Sputnik / Тимур БатыршинАрхеологиялық қазбалардан табылған қобыздар.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
14/22
Археологиялық қазбалардан табылған қобыздар.
© Sputnik / Тимур БатыршинНай – молдова, румын, украин халықтарының ағаштан жасалған үрмелі аспабы. Аспап доға тәрізді тері құрсауда бекітілген түрлі ұзындықтағы 8-24 түтіктен тұрады. Дыбыс биіктігі түтіктің ұзындығына байланысты. Найдың дыбыс қатары диатоникалық. Аспапта түрлі жанрдағы халық әуендерін – дойнадан бастап би әуендеріне дейін орындаған.
Най – көптүтікті көне музыкалы аспап, ансамбльде және жеке орындауға арналған. Туыстас аспаптар Еуропа, Оңтүстік Америка, Азия, Океания елдерінде таралған. Ресейде бұл кугиклы немесе цевница, Англияда – пенпайо, Нидерланды мен Францияда "Пан флейтасы" атауы әлі күнге дейін сақталған. Ежелгі Грекияда көптүтікті флейтаны сиринкс деп атаған. Ғалымдар мұндай аспаптар неолит кезеңінде, б.з.б. 5-2 мыңжылдықта қалыптасты деп болжайды.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
15/22
Най – молдова, румын, украин халықтарының ағаштан жасалған үрмелі аспабы. Аспап доға тәрізді тері құрсауда бекітілген түрлі ұзындықтағы 8-24 түтіктен тұрады. Дыбыс биіктігі түтіктің ұзындығына байланысты. Найдың дыбыс қатары диатоникалық. Аспапта түрлі жанрдағы халық әуендерін – дойнадан бастап би әуендеріне дейін орындаған.
Най – көптүтікті көне музыкалы аспап, ансамбльде және жеке орындауға арналған. Туыстас аспаптар Еуропа, Оңтүстік Америка, Азия, Океания елдерінде таралған. Ресейде бұл кугиклы немесе цевница, Англияда – пенпайо, Нидерланды мен Францияда "Пан флейтасы" атауы әлі күнге дейін сақталған. Ежелгі Грекияда көптүтікті флейтаны сиринкс деп атаған. Ғалымдар мұндай аспаптар неолит кезеңінде, б.з.б. 5-2 мыңжылдықта қалыптасты деп болжайды.
© Sputnik / Тимур БатыршинКугиклы немесе кувицы (кувиклы, кувички, цевница, дудки, тростянки, украин тілінде кувиця, кувичка, свиріль) – орыс және украин халықтарының көптүтікті флейтасы. Аспаптың түтіктері өзара бекітілмейді. Қамыс сабағынан (Курск), шатырлы өсімдіктерден немесе аюбадам қабығынан (Брянск пен Калужск) жасалады.
Ресейде аспаптың таралу аясы ауқымды болмаса да, бүгінгі Брянск, Курск, Калужск, Смоленск, Тверь және Белгород облыстарының шекарасында орналасқан шығыс славян халықтарының ескі қоныстарын қамтыды. Аталған аспап Украинаның Чернигов облысында "кувицы" атауымен белгілі. Кувицы аспабында әдетте, 3-4 орындаушы әйелдер ансамбль құрып ойнайды.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі  - Sputnik Қазақстан
16/22
Кугиклы немесе кувицы (кувиклы, кувички, цевница, дудки, тростянки, украин тілінде кувиця, кувичка, свиріль) – орыс және украин халықтарының көптүтікті флейтасы. Аспаптың түтіктері өзара бекітілмейді. Қамыс сабағынан (Курск), шатырлы өсімдіктерден немесе аюбадам қабығынан (Брянск пен Калужск) жасалады.
Ресейде аспаптың таралу аясы ауқымды болмаса да, бүгінгі Брянск, Курск, Калужск, Смоленск, Тверь және Белгород облыстарының шекарасында орналасқан шығыс славян халықтарының ескі қоныстарын қамтыды. Аталған аспап Украинаның Чернигов облысында "кувицы" атауымен белгілі. Кувицы аспабында әдетте, 3-4 орындаушы әйелдер ансамбль құрып ойнайды.
© Sputnik / Тимур БатыршинТам-там – бүгінде де өзектілін жоғалтпаған дәстүрлі африкалық аспап. Киноиндустрияда бұл бірегей аспап ұлттық нақышты айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл барабанның дыбысы тайпалар туралы фильмдерден таныс. Корпустың соғатын бет бөлігі металдан жасалған, ол жақтаудың ішіне бекітілген. Жақтау арнайы тірекке орнатылады. Оны басы жұмсақ арнайы тоқпақпен соғып ойнайды.
Там-тамның нақты шығу тарихы белгісіз. Бірақ ғылыми дәлелденген мәліметтер кездеседі. Мысалы, африкалық тумба-юмба тайпасында негізгі аспап там-там барабаны болған. Бұл тайпада барабан түрлері көп болды. Кішкентай барабандар – іші қуыс кокос жаңғақтарынан немесе кептірілген асқабақтан жасалды. Орташа және үлкен көлемділері ойылған ағаш діңі мен аң терісінен дайындалды. Бірақ ең сыйлысы там-там барабаны болды. Ол дөңгелек жақтауға керілген буйвол терісінен жасалды. "Там-там" дыбысы күн күркірегендей күшті.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі - Sputnik Қазақстан
17/22
Там-там – бүгінде де өзектілін жоғалтпаған дәстүрлі африкалық аспап. Киноиндустрияда бұл бірегей аспап ұлттық нақышты айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл барабанның дыбысы тайпалар туралы фильмдерден таныс. Корпустың соғатын бет бөлігі металдан жасалған, ол жақтаудың ішіне бекітілген. Жақтау арнайы тірекке орнатылады. Оны басы жұмсақ арнайы тоқпақпен соғып ойнайды.
Там-тамның нақты шығу тарихы белгісіз. Бірақ ғылыми дәлелденген мәліметтер кездеседі. Мысалы, африкалық тумба-юмба тайпасында негізгі аспап там-там барабаны болған. Бұл тайпада барабан түрлері көп болды. Кішкентай барабандар – іші қуыс кокос жаңғақтарынан немесе кептірілген асқабақтан жасалды. Орташа және үлкен көлемділері ойылған ағаш діңі мен аң терісінен дайындалды. Бірақ ең сыйлысы там-там барабаны болды. Ол дөңгелек жақтауға керілген буйвол терісінен жасалды. "Там-там" дыбысы күн күркірегендей күшті.
© Sputnik / Тимур БатыршинҮнді гармоникасы – сырт келбеті сәл өзгеріске ұшыраған еуропалық фисгармонь түрі. Азияға XVIII-ХІХ ғасырларда христиан дін таратушылары әкелген бұл аспап ХХ ғасырдың басында Үндістанның солтүстік аймағында музыка мәдениетінің дәстүрлі аспабына айналды. Гармоника ансамбль құрамында ойналып, әншілер мен бишілерді сүйемелдейді. Бастапқыда аспап Үнді еліне келгенде еуропадағыдай орындықта отырып ойнаған. Бірақ дәстүрлі үнді қоғамында орындық пен үстел қолданылмаған, музыканттар жерге отырып орындайтын. Сондықтан аспап уақыт өте келе өзгерістерге ұшырады: басқыштары алынды, көлемі кішірейіп, "қолмен басқару" қабілетін иемденді. Заманауи үнді гармоникасының корпусы ағаштан жасалады, артқы жағында қолмен басылатын тері жалғасқан. Музыкант сол қолымен ауаны қысып толтырып, оң қолымен клавишада ойнаған.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі  - Sputnik Қазақстан
18/22
Үнді гармоникасы – сырт келбеті сәл өзгеріске ұшыраған еуропалық фисгармонь түрі. Азияға XVIII-ХІХ ғасырларда христиан дін таратушылары әкелген бұл аспап ХХ ғасырдың басында Үндістанның солтүстік аймағында музыка мәдениетінің дәстүрлі аспабына айналды. Гармоника ансамбль құрамында ойналып, әншілер мен бишілерді сүйемелдейді. Бастапқыда аспап Үнді еліне келгенде еуропадағыдай орындықта отырып ойнаған. Бірақ дәстүрлі үнді қоғамында орындық пен үстел қолданылмаған, музыканттар жерге отырып орындайтын. Сондықтан аспап уақыт өте келе өзгерістерге ұшырады: басқыштары алынды, көлемі кішірейіп, "қолмен басқару" қабілетін иемденді. Заманауи үнді гармоникасының корпусы ағаштан жасалады, артқы жағында қолмен басылатын тері жалғасқан. Музыкант сол қолымен ауаны қысып толтырып, оң қолымен клавишада ойнаған.
© Sputnik / Тимур БатыршинБендир Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Азияда қолданылатын ағаш жиекті ұрмалы (барабан) аспап. Бұл бүкіл Солтүстік Африка халықтары, сонымен қатар Ежелгі Мысыр мен Қосөзенде жоралғыларды орындау кезінде қолданылатын сопылардың танымал аспабы. Түрік тілінде "bendir" сөзі "үлкен ағаш жиекті барабан" дегенді білдіреді.
Көбіне бендирдің жоғарғы жағына қойылған ілгіші (ішектен жасалған) болады, ол аспапты саусақтармен немесе алақанмен ұрып ойнағанда ерекше дыбыс береді. Аспапта ойнағанда оны тігінен ұстайды.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі  - Sputnik Қазақстан
19/22
Бендир Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Азияда қолданылатын ағаш жиекті ұрмалы (барабан) аспап. Бұл бүкіл Солтүстік Африка халықтары, сонымен қатар Ежелгі Мысыр мен Қосөзенде жоралғыларды орындау кезінде қолданылатын сопылардың танымал аспабы. Түрік тілінде "bendir" сөзі "үлкен ағаш жиекті барабан" дегенді білдіреді.
Көбіне бендирдің жоғарғы жағына қойылған ілгіші (ішектен жасалған) болады, ол аспапты саусақтармен немесе алақанмен ұрып ойнағанда ерекше дыбыс береді. Аспапта ойнағанда оны тігінен ұстайды.
© Sputnik / Тимур БатыршинПодхаланские дуды – волынканың поляк түрі. Польшаның ұлттық материалдық емес мұралар тізіміне енгізілген. Бұл тізімге тек аспап қана емес, сондай-ақ оны жасау мен аспапта орындау тәсілдері де енгізілді.
Подхаланские дуды – поляк ұлттық аспаптарының ішіндегі төрт дауысты жалғыз аспап. Аспап ешкі терісінен жасалған қап пен бірнеше ағаш түтіктерден тұрады. Құрылымы бойынша аспап волынкаға ұқсас. Аспапқа тән белгі - ағаштан жасалған ешкі басының болуы.
Волынка әлі күнге дейін маңызын жоймаған, халық музыкасында (волынка), болгарларда (гайда-гайда), Ирландияда, Испанияның Галисия және Астурия аймақтарының (гайта), Францияның Бретан өңірінде (биньо) музыкасында аса танымал.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі  - Sputnik Қазақстан
20/22
Подхаланские дуды – волынканың поляк түрі. Польшаның ұлттық материалдық емес мұралар тізіміне енгізілген. Бұл тізімге тек аспап қана емес, сондай-ақ оны жасау мен аспапта орындау тәсілдері де енгізілді.
Подхаланские дуды – поляк ұлттық аспаптарының ішіндегі төрт дауысты жалғыз аспап. Аспап ешкі терісінен жасалған қап пен бірнеше ағаш түтіктерден тұрады. Құрылымы бойынша аспап волынкаға ұқсас. Аспапқа тән белгі - ағаштан жасалған ешкі басының болуы.
Волынка әлі күнге дейін маңызын жоймаған, халық музыкасында (волынка), болгарларда (гайда-гайда), Ирландияда, Испанияның Галисия және Астурия аймақтарының (гайта), Францияның Бретан өңірінде (биньо) музыкасында аса танымал.
© Sputnik / Тимур БатыршинСитар – көп ішекті музыкалық аспап, үнді халқының классикалық музыкасын орындау барысында қолданылады. Бұл музыкалық құрал ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі  - Sputnik Қазақстан
21/22
Ситар – көп ішекті музыкалық аспап, үнді халқының классикалық музыкасын орындау барысында қолданылады. Бұл музыкалық құрал ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады.
© Sputnik / Тимур БатыршинЧанг немесе чанк – өзбек, тәжік халықтарының ішекті-ұрмалы аспабы, цимбалы аспабының бір түрі. Корпусы трапеция пішіндес тегіс жәшік, кейде аяқтары болады, кейде жоғарғы декасына резонаторлық саңылаулар жасалады. Ішектері металдан жасалып, бас және дара ішектен басқасы үш-үштен біріктірілген. Корпустың сол жағынан металл шегеге, оң жағынан – арнайы кілтпен бұралатын металл құлақтарға бекітіледі. Ішектер өз ішінде 2 топқа жіктеледі – төменгі және жоғарғы регистрдегі. Бірінші топтағы ішектер бірқабат, құлақтар жанындағы тиекке сүйенеді; диатоникалық дыбыс қатарының дыбыстарын орындайды. Бұл ішектердің арасымен екінші топтың ішектері өтеді.
Ал артқы жағында тұрған өзбек, тәжік, қарақалпақ, ұйғыр халықтарының ішекті-ыспалы музыкалық аспабы – гиджак. Гиджактың құрылысы Әзербайжан, Иран, Арменияда кең таралған парсы кеманчасына ұқсас.
Гиджакта халық әндері мен әуендері, аспаптық пьесалар, макомдар ойналады. Гиджак және оның түрлері басқа аспаптармен қатар Өзбек халық аспаптар оркестрі құрамына енеді.
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі  - Sputnik Қазақстан
22/22
Чанг немесе чанк – өзбек, тәжік халықтарының ішекті-ұрмалы аспабы, цимбалы аспабының бір түрі. Корпусы трапеция пішіндес тегіс жәшік, кейде аяқтары болады, кейде жоғарғы декасына резонаторлық саңылаулар жасалады. Ішектері металдан жасалып, бас және дара ішектен басқасы үш-үштен біріктірілген. Корпустың сол жағынан металл шегеге, оң жағынан – арнайы кілтпен бұралатын металл құлақтарға бекітіледі. Ішектер өз ішінде 2 топқа жіктеледі – төменгі және жоғарғы регистрдегі. Бірінші топтағы ішектер бірқабат, құлақтар жанындағы тиекке сүйенеді; диатоникалық дыбыс қатарының дыбыстарын орындайды. Бұл ішектердің арасымен екінші топтың ішектері өтеді.

Жаңалықтар
0