00:09 13 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейі Алматы қаласы әкімінің арнайы қаулысымен 2014 жылы 16 мамырда ашылған.
  • Музейде 5 экспозициялық бөлме бар: кіреберіс, қонақ бөлмесі, жұмыс бөлмесі, ас үй және демалыс бөлмесі.
  • Нұрғиса Тілендиевтің ерекше жақсы көрген үш домбырасы болған. Соның бірі – Дариға домбырасы.
  • Музейдегі ерекше экспонаттың бірі – концерттік костюмі.
  • Музейде композитордың тағы бір концерттік костюмі қойылған. Музей қызметкерлерінің айтуынша, дирижер концерттеріне осы костюмін киіп шығатын болған.
  • Музейде композитордың тағы бір концерттік костюмі қойылған.
  • Композитор 500-ден астам туындының авторы. Оның ішінде ән, күй, романс, увертюра, поэма, кантата, опера және балет бар.
  • Нұрғиса Тілендиевтің мүсіні. 2011 жылдың 17 қазанында Алматы қаласында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің алдына ұлы композиторге арнап ескерткіш қойылды.
  • Композитордың роялі. Бұл музыкалық аспапты композитор 1979 жылы осы пәтерге көшіп келгенде сатып алған.
  • Жары Дариға Тілендиеваның костюмі. Бір жылдары композитордың жары концерт жүргізген
  • Жұмыс бөлмеде тұрған құнды дүниенің бірі – анасы Салиха сыйға тартқан пионинасы.
  • Нұрғиса Тілендиев Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол – Ұлы Отан соғысына 1943-1945 жылдар аралығында қатысып үш рет жараланып туған еліне аман-есен оралғандардың бірі.
  • 1945 жылы соғыс аяқталуға екі ай қалғанда Нұрғиса Тілендиев Алматыға демалысқа келген.
  • Нұрғиса Тілендиевтің демалыс бөлмесіндегі оюлы көрпе-жастық копозитордың талғамына сай қойылған.
  • Бұл үйде Нұрғиса Тілендиев жары Дариға, қызы Дінзуһрамен бірге тұрған.
  • Бұл шаңырақта Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Қадыр Мырза Әлі секілді бірқатар тұлға қонақ болған.
© Sputnik / Тимур Батыршин
Композитор, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейі Алматы қаласы әкімінің арнайы қаулысымен 2014 жылы 16 мамырда ашылған. Музей Қонаев көшесі мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

Композитор, дирижер, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейі Алматы қаласы әкімінің арнайы қаулысымен 2014 жылы ашылған

Тілендиев мемориалды музейі орналасқан үй 1979 жылы аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың арнайы тапсырысымен салынып, Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткерлерге табысталған.

Бұл пәтерде ұлы композитор өзінің отбасымен бірге 1979-1998 жылдар аралығында тұрды.

Музей 5 экспозициялық бөлмеден тұрады. Кіреберіс, қонақ бөлмесі, жұмыс бөлмесі, ас үй және демалыс бөлмесі. Музейде Нұрғиса Тілендиевтің жеке өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беретін құнды экспонаттар қойылған. Оның ішінде музыкалық аспаптар, әуезді әндері мен күмбірлеген күйлерінің қолжазбалары, концерттік киімдері, жеке заттары қойылған.

Оқи отырыңыз: Әйгілі жазушы Сәбит Мұқанов өмірінің соңында қайда тұрды – фото

Музей қорында үш жарым мыңға жуық экспонат бар. Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейінде түсірілген фотоларды Sputnik Қазақстан фотолентасынан көре аласыз.

Кілт сөздер:
Нұрғиса Тілендиев, халық әртісі, музей
Загрузка...

Басты тақырып