Тілендиев мемориалды музейі орналасқан үй 1979 жылы аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың арнайы тапсырысымен салынып, Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткерлерге табысталған.
Бұл пәтерде ұлы композитор өзінің отбасымен бірге 1979-1998 жылдар аралығында тұрды.
Музей 5 экспозициялық бөлмеден тұрады. Кіреберіс, қонақ бөлмесі, жұмыс бөлмесі, ас үй және демалыс бөлмесі. Музейде Нұрғиса Тілендиевтің жеке өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беретін құнды экспонаттар қойылған. Оның ішінде музыкалық аспаптар, әуезді әндері мен күмбірлеген күйлерінің қолжазбалары, концерттік киімдері, жеке заттары қойылған.
Оқи отырыңыз: Әйгілі жазушы Сәбит Мұқанов өмірінің соңында қайда тұрды – фото
Музей қорында үш жарым мыңға жуық экспонат бар. Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейінде түсірілген фотоларды Sputnik Қазақстан фотолентасынан көре аласыз.