19:41 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Фото

Еуропаға көктем келді: Германияда ғасырлық рекорд жаңарды – фото

Қысқа сілтеме алу
79 0 0
  • Кельн трһұрғындары D дәруменін қабылдау үшін таза ауада серуендеуге шықты
  • Лондон орталығындағы Сент-Джеймс саябағында көктемгі алғашқы нәркестер бүр жарды.
  • Париж тұрғындары Сена жағалауында романтикалық пикниктер ұйымдастырды
  • Данияның Ютландияда жағалаудағы ақшыл құмнан да жылы леп сезіледі
  • Париждегі Люксембург бағы
  • Прагадағы Карлов көпіріндегі жай серуен ашық аспанда күннің жарқырап тұрғаны ерекше көтеріңкі көңіл сыйлайды.
  • Ниццедегі Ағылшын жағалауында серуендеген азаматтар күн сәулесімен ойнаған су мен жылы самалдың куәсі бола алады.
  • Шуақты көктемнің жылы кешінде париждіктер Сена өзенінің жағасында демалып отыр.
  • Британдық Брайтон тұрғындары иттерімен су жағасында серуендегенді ұнатады
  • Оңтүстік Уэльстегі Брекон-Биконс ұлттық паркі
  • Жағалауда серуендеген адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтауға тырысады
© REUTERS / Thilo Schmuelgen
Пандемияны ескергенмен, көктемнің шуақты күні төрт қабырғаға қамалып отыруға мұрша бермейді. Сондықтан, Кельн трһұрғындары D дәруменін қабылдау үшін таза ауада серуендеуге шықты.

Ақпан айы аяқтала салысымен Еуропаның бірқатар қаласын басып қалған қар еріп, көктем лебі сезіле бастады

Ғалымдар Еуропадағы климаттың күрт өзгеруін Гольфстримді бәсеңдеткен ғаламдық жылынумен байланыстырды.

Бүкіл Еуропаны жауып тұрған жылы ағын баяулап, бұл жаз айларындағы аптап ыстық пен қыстағы қарлы боранға алып келді.

Германияда бір апта бұрын қар жауып, аяз болса, қазір қала тұрғындары жаз кезіндегідей жылы ауа райын сезініп, жағажайларда серуенге шықты. Германияның Геттинген қаласында 14 ақпанда минус 23,8 градус, ал 21 ақпанда 18,1 градус жылы болды. Осылайша, 1880 жылғы рекорд жаңарды. Ол кезде Йенада температура 7 күнде минус 5,1 градустан плюс 36 градусқа дейін көтерілген болатын.

Оқи отырыңыз: Өткенге үңілу - өнегелі іс: Нұр-Сұлтан ғимараттарындағы мозаикалар – фото

Алайда синоптиктер бұл жылы күндер ұзаққа созылмайтынын, көп ұзамай Еуропаны қайтадан қарлы боран әбігерге салатынын мәлімдеді.

Бірақ бұл көктемнің жылы және шуақты күнінде серуендеудің бас тартуға себеп емес.

Кілт сөздер:
көктем, еуропа
Загрузка...

Басты тақырып