Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қазақстандағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр – фото

Жазылу
Республиканың бас қаласы Нұр-Сұлтанда айрықша нысан – Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт бой көтеріп жатыр. Sputnik Қазақстан фототілшісі Алла үйінің құрылысы қандай қарқында жүріп жатқанымен танысып қайтты. Суреттер топтамасын тамашалаңыз!

Мұнараның аспанмен тілдескен биіктігінен қарағанда қандай әдемі көріністі көруге болатынын елестетудің өзі қиын. Ал, таңғы және кешкі намаз кезіндегі құлшылық дұғаларының дауысы айналаға қандай әсем үнмен таралады десеңізші! Қарқынды жүріп жатқан мешіт құрылысы екі жылдың ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Бұл нысан өінің әсемдігімен ғана емес, көлемімен де талайды таңдай қақтыратыны қазірден-ақ белгілі болып тұр.

Салыстыру үшін айтар болсақ, жаңа діни нысан елдегі ең үлкен мешіт саналатын "Әзірет Сұлтан" мешітінен үш есе көлемді болмақ.

Жаңа мешіт шамамен 30 мың адамды қабылдай алады. Ал бас күмбездің биіктігі 90 метрге жуықтаса, мұнаралар 130 метр болады.

Ғимараттың жалпы аумағы 70 мың шаршы метрді құраса, құлшылық ететін басты залдың аумағы15 мың шарты метрге жетпек.

Нысан құрылысы шетелдік инвестициялар мен демеушілер қаражатының есебінен жүргізіліп жатыр. Алланың үйі Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында, Mega Silkway сауда-ойын-сауық орталығынан сәл ары, EXPO-2017 ғимаратының артында 9,4 гектар жер учаскесінде орналасқан.

Орталық Азиядағы ең ауқымды мешіттің құрылысы қалай жүріп жатқанын Sputnik Қазақстан фотоларынан тамашалаңыз.

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен Орталық Азия аймағындағы ең үлкен мешіт елорданың сол жағалауында, Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында "Нұр Әлем" сферасының жанында бой көтеріп жатыр.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
1/12
Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы ең үлкен мешіт елорданың сол жағалауында, Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында "Нұр Әлем" сферасының жанында бой көтеріп жатыр.
© Sputnik / Владислав ВодневБұл айрықша нысан ғимаратының жалпы аумағы 68 мың шаршы метрді, дұға жасауға арналған бас залдың көлемі 15 мың шаршы метрді құрайды.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
2/12
Бұл айрықша нысан ғимаратының жалпы аумағы 68 мың шаршы метрді, дұға жасауға арналған бас залдың көлемі 15 мың шаршы метрді құрайды.
© Sputnik / Владислав ВодневМешітке 30 мың адам сыяды.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
3/12
Мешітке 30 мың адам сыяды.
© Sputnik / Владислав ВодневМұнда әйел адамдарға арналған үш мың орындық дұға залы да болады.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
4/12
Мұнда әйел адамдарға арналған үш мың орындық дұға залы да болады.
© Sputnik / Владислав ВодневДіни кешенде кітапхана, Ислам музейі мен қолөнер шеберханасы болады деп жоспарланған.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
5/12
Діни кешенде кітапхана, Ислам музейі мен қолөнер шеберханасы болады деп жоспарланған.
© Sputnik / Владислав ВодневБұл мешіт республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болады.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
6/12
Бұл мешіт республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болады.
© Sputnik / Владислав ВодневМешіттегі бас күмбездің биіктігі 88,2 метр болса, диаметрі 62 метрді құрайды.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
7/12
Мешіттегі бас күмбездің биіктігі 88,2 метр болса, диаметрі 62 метрді құрайды.
© Sputnik / Владислав ВодневМешіт құрылысын демеушілерді қаражатына түрік компаниясы жүргізіп жатыр.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
8/12
Мешіт құрылысын демеушілерді қаражатына түрік компаниясы жүргізіп жатыр.
© Sputnik / Владислав ВодневЖобаны жүзеге асыру барысы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бақылауында. Ол өзінің президент қызметінен кететінін жариялаудан бір күн бұрын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысқан боалтын.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
9/12
Жобаны жүзеге асыру барысы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бақылауында. Ол өзінің президент қызметінен кететінін жариялаудан бір күн бұрын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысқан боалтын.
© Sputnik / Владислав ВодневСол күні Назарбаев "бұл жерде Бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ сәулетті әрі бірегей мешіт салынады" деп атап өтті.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
10/12
Сол күні Назарбаев "бұл жерде Бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ сәулетті әрі бірегей мешіт салынады" деп атап өтті.
© Sputnik / Владислав ВодневБұл мұнаралардың бірте-бірте қаланып жатқан сәті. Олар жерден 130 метр биіктікте болады.
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
11/12
Бұл мұнаралардың бірте-бірте қаланып жатқан сәті. Олар жерден 130 метр биіктікте болады.
© Sputnik / Владислав ВодневҚұрылыс жұмыстарын жүргізу үшін арнайы қор құрылды. Ол қорға Қазақстанның кез-келген азаматы қайырымдылық ретінде қаражат сала алады
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан
12/12
Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін арнайы қор құрылды. Ол қорға Қазақстанның кез-келген азаматы қайырымдылық ретінде қаражат сала алады
Жаңалықтар
0