Мұнараның аспанмен тілдескен биіктігінен қарағанда қандай әдемі көріністі көруге болатынын елестетудің өзі қиын. Ал, таңғы және кешкі намаз кезіндегі құлшылық дұғаларының дауысы айналаға қандай әсем үнмен таралады десеңізші! Қарқынды жүріп жатқан мешіт құрылысы екі жылдың ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Бұл нысан өінің әсемдігімен ғана емес, көлемімен де талайды таңдай қақтыратыны қазірден-ақ белгілі болып тұр.
Салыстыру үшін айтар болсақ, жаңа діни нысан елдегі ең үлкен мешіт саналатын "Әзірет Сұлтан" мешітінен үш есе көлемді болмақ.
Жаңа мешіт шамамен 30 мың адамды қабылдай алады. Ал бас күмбездің биіктігі 90 метрге жуықтаса, мұнаралар 130 метр болады.
Ғимараттың жалпы аумағы 70 мың шаршы метрді құраса, құлшылық ететін басты залдың аумағы15 мың шарты метрге жетпек.
Нысан құрылысы шетелдік инвестициялар мен демеушілер қаражатының есебінен жүргізіліп жатыр. Алланың үйі Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында, Mega Silkway сауда-ойын-сауық орталығынан сәл ары, EXPO-2017 ғимаратының артында 9,4 гектар жер учаскесінде орналасқан.
Орталық Азиядағы ең ауқымды мешіттің құрылысы қалай жүріп жатқанын Sputnik Қазақстан фотоларынан тамашалаңыз.