14:57 03 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD420.65
  • EUR505.03
  • RUB5.64
Фото

Қыстың кейбір кездері. Қыстың кейбір түстері – фото

Қысқа сілтеме алу
101 0 0
  • Виды Нур-Султана зимой
  • Зимний парк, дорога, иллюстративное фото
  • Рассвет необычного цвета в Нур-Султане
  • Зима в Астане
  • Ночной снегопад в Алматы
© Photo : Russian Geographical Society / Nikolay Sapronov
Мына суретке қарағанда табиғаттың әсем бейнесінен демің таусылардай күй кешесің. Таңсәрідегі алқызыл мен қызғылт күлгін түстің өзара үйлесімі көздің жауын алардай. Фотограф Николай Сапронов бұл туындыға "Қайырлы таң, Чегет!" деген атау берді. Чегет – кавказдық Эльбурс маңындағы тау.

Кейбір адамдар қысты сүреңсіз, бұлыңғыр, сұр әрі көңілді жабырқататын мезгіл деп санайды. Фотографтар бұл жаңсақ пікір екенін дәлелдегісі келіп, қыс мезгілінде айнала түрлі-түсті рең беретінін паш етті

Ал, ғалымдар ақ түс кемпірқосақтың барлық реңін бойына жинап алған түс екенін дәлелдеп қойды.

Тіпті, көркем сурет мектептерінде де ең жас суретшілерге ақ түсті қылқаламмен салу мүмкін емес екенін, себебі, кез-келген ақ зат ең ашық түс ретінде сақтала отырып, айналадағы заттардың түсін көрсететінін түсіндіреді.

Сондықтан, шыңылтыр аязы бар қыс ақ ұлпа қарымен, өрнекті қырауымен, мөп-мөлдір мұзымен сүреңсіз бола алмайды.

Қыстың дәл осы фотолардағыдай бейнесін сіз әлі көрмеген боларсыз!

Кілт сөздер:
фотограф, фото, қыс
Загрузка...

Басты тақырып